f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2017 жылғы 5 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы доцент, доктор Сайфулла Сапанов «Еуропалық Одақтың Брекситке дейінгі және одан кейінгі жағдайы» атты семинар өткізді.

2017 жылғы 5 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы доцент, доктор Сайфулла Сапанов «Еуропалық Одақтың Брекситке дейінгі және одан кейінгі жағдайы» атты семинар өткізді.

5 January 2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы доцент, доктор Сайфулла Сапанов «Еуропалық Одақтың (ЕО) Брекситке дейінгі және одан кейінгі жағдайы» атты семинарында жалпы Брексит референдумы шешімінің Ұлыбританияға, Еуропаға және жаһандық тұрғыдағы әсері мен бұл шешімнің Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға әсеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, Сапанов бұл шешімнің экономикалық және саяси салдарына қатысты талдауларымен бөлісті. Әсіресе, шешімнен кейін ұлттық бірегейлікті алға тартатын оңшыл партиялардың нығая бастағанына назар аударды.

ЕО-ға қатысты жасаған талдауларында Брексит шешімінен кейін ЕО интеграциясына қарсы топтардың күштері арта бастап, бұған соңғы жылдары орын алып жатқан лаңкестік пен көші-қон ағыны сияқты оқиғалар әсер етті деп мәлімдеді. Референдумнан кейін ЕО бірегейлігі мен ұлттық бірегейлікке қатысты дау-дамайлардың артып, одан әрі күшейе түскені жайлы пікір білдірді. Сонымен қатар, Франция, Италия және Польша сияқты елдерде ұлттық бірегейлікті алға тартатын партиялардың бұл жағдайды пайдаланып, күшейгендерін қоса айтты. Ұлыбританияның әлі ЕО-дан шықпағанын ерекше атап өтіп, ЕО-ның ішкі институттарының мықты болуының арқасында бұл дағдарыстан онша зардап шекпегенін және Еуразиялық экономикалық одаққа бұл дағдарыстан сабақ алуға болатынын айтты.

ЕО-ның Қазақстанның маңызды сауда әріптесі болып табылатынын және тараптар арасында түрлі келісімдердің болғанын айтып, Брексит шешімі Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға да әсер еткендіктен, оның Қазақстанға тікелей қатысының болғанын мәлімдеді. Ұлттық бірегейлікті алға тартатын пікірлердің Еуропадан тыс жерлерге тарағанын баяндаған доктор Сапанов Қазақстанда кейбір ғалымдар Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан шығу қажет деп есептеп, бұл пікірлерді жақтайтындардың болғанын, бірақ өзінің мұндай пікірге қосылмайтынын айтты. Себебі Еуразиялық экономикалық одақтың арқасында Қазақстан экономикасы мен институттарын одан әрі дамып, нығая түсетінін айтты. Қазақстанда кедендегі жемқорлықты азайтуға бағытталған АТА карнеті туралық халықаралық кедендік конвенцияға қол қойылуды бұған мысал ретінде көрсетті. Қазақстан өзін оқшаулаудың орнына басқа елдермен интеграцияны арттыратын жоба мен келісімдерге ашық деп айқындап, мұндай бастамалар қазақстандық институттардың инфрақұрылымын нығайтады деп пайымдады.

Семинар соңында Брексит шешімі қысқа мерзім ішінде Ұлыбритания экономикасына теріс әсер етеді, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада бұл әсерлер азаяды деген пікір айтты. Ұлыбритания ЕО-дан шыққан жағдайда экономикалық тұрғыда онша зардап шекпейтінін, бірақ еңбек мигранттарына қатысты елеулі мәселелердің туындайтынын айтты. АҚШ-та Дональд Трамп пен Ұлыбританияда Тереза Мэйдің билікке келуімен Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар одан әрі күшейе түседі деп түйіндеді.

Семинар соңында қатысушылар ЕО-ның Брекситке дейінгі және одан кейінгі жағдайын талқылап, осы мәселе бойынша пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.
8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026