f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2018 жылы 4 қазанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик «Ақтауда V Каспий саммиті: нәтижелер мен перспективалар» атты семинар өткізді.

2018 жылы 4 қазанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик «Ақтауда V Каспий саммиті: нәтижелер мен перспективалар» атты семинар өткізді.

4 October 2018

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик семинарында Ақтау қаласында өткен V Каспий саммитінде елдер арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды айқындайтын бірқатар мәселелердің шешімі табылғанын мәлімдеді. Пархомчик бұл саммиттің жақсы нәтижелер бергенін және тараптардың бірқатар көпжақты келісімге, оның ішінде көптен күтілген Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келісімге қол қойғанын атап өтті. Пархомчиктің айтуынша, аймақтағы құқықтық режимге қатысты келісімдердің жаңа құқықтық негізі 16 құжаттан тұрады. Пархомчик сондай-ақ, тараптардың Түркіменстандағы келесі саммитте қол қойылатын келісімдердің тізімін белгілегенін айтты.

Семинар барысында Пархомчик V Каспий саммитінің қорытындысы бойынша шешілген көптеген мәселелердің 20 жыл бойы талқыланғанын мәлімдеді. 2002 жылдың сәуір айында Ашхабад қаласында өткен I Каспий саммитінде бес елдің басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулерін өткізудің негізі қаланып, 2007 жылдың қазан айында Тегеранда өткен II Каспий саммитінің қорытындысы бойынша Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы негізгі мәселелер жөнінде келісімге қол қойылды. Пархомчик 2010 жылдың қарашасында Баку қаласында өткен III Каспий саммитінде ел басшылары қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын тілге тиек етті.

Баяндамашының айтуы бойынша, саммитте қабылданған шешімдер елдерге Каспий теңізінде туризм саласында ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Мәселен, жақын арада Ресей Әзірбайжанмен кеме қатынасын бастауды жоспарлап отыр және бұған Қазақстан тарапы да мүдделілік танытып отыр. Екінші жағынан, бұл мәселе осы процеске қатысушы барлық елдерден әлі де көп жұмыс істеуді талап етеді. Пархомчик туризмге қатысты ең басты кемшіліктердің бірі Каспий маңы елдерінде туризм инфрақұрылымының нашар дамығандығы екенін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар баяндамашыға әр түрлі сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026