f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2019 жылдың 19 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Түркітілдес мемлекеттер арасында құрылған халықаралық ұйымдардың міндеті мен тарихы» атты тақырыпта семинар өткізді.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Түркітілдес мемлекеттер арасында құрылған халықаралық ұйымдардың міндеті мен тарихы» атты тақырыпта семинар өткізді.

19 September 2019

Еркінбек Тұрғынов семинарында Еуразия құрлығында орналасқан түркі елдері арасында құрылған төрт негізгі халықаралық ұйым туралы баяндады. Атап айтқанда, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі), Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), ТүркПА және Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) жайлы толық ақпарат берді.

Семинар барысында Тұрғынов тарихи түп-тамыры бір түркі елдері өз қарым-қатынастарын дамытуға көп үлес қосып жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, 15 қазанда Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтетін Түркі кеңесінің 7-ші саммитіне Түркия, Қырғызстан, Қазақстанмен қатар, тұңғыш рет Өзбекстанның да мүше ретінде қатысатынын айтты. Бұған қоса, 19 қыркүйекте Будапештте өтетін Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Түркі кеңесінің Будапешт қаласындағы өкілдігінің ашылуы да айтулы оқиға екендігін айтты.

Тұрғынов Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Ғылым және білім министрліктері арасында тығыз байланыс орнағанын атап өтті. Мүше мемлекеттердің орта мектептеріне арналған «Ортақ түркі тарихы» оқулығын жазу процесі аяқталып, пилоттық жоба ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінде оқытыла бастағанын, сондай-ақ келесі оқу жылында Түркия және басқа да Түркі кеңесіне мүше елдердің орта мектептерінің оқу бағдарламасына элективті курс ретінде қосылатындығын айтты.

Семинар соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, болашақ зерттеу тақырыптары бойынша ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, семинарға қатысқан институт мамандары аталған тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026