f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2019 жылдың 23 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Жапонияның Рицумейкан университетінен келген АйшинГиоро Кайхе «Қазақстанға қатысты маньчжур құжаттарына қысқаша шолу» атты тақырыпта семинар өткізді.

2019 жылдың 23 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Жапонияның Рицумейкан университетінен келген АйшинГиоро Кайхе «Қазақстанға қатысты маньчжур құжаттарына қысқаша шолу» атты тақырыпта семинар өткізді.

23 April 2019

АйшинГиоро Кайхе семинарында жалпы маньчжур халқының көрші қазақ және басқа да түркі халықтарымен қарым-қатынасын сипаттап, кейбір тарихи кезеңдерге қатысты ақпарат беретін ежелгі және ортағасырлық тарихи қолжазбалар туралы баяндап берді.

АйшинГиоро Кайхе 1970-ші жылдардың басында Қытайда жүзеге асырылған ырықтандыру саясаты арқасында қазіргі уақытта бірқатар әдебиеттер мен мұрағатқа қол жеткізуге болатындығын атап өтті. АйшинГиоро Кайхенің мәліметі бойынша, Қытай тарихының Цин әулеті кезеңін (1644-1912 жылдары) сипаттайтын маңызды кітап серияларының бірінде маньчжур халқы жайлы құнды тарихи деректер бар. Кітап сериялары 20-30 шақты құжаттан тұрады және жақсы құрылымдалған. Дегенмен, әлемде маньчжур тарихы бойынша ғылыми зерттеу жүргізетін мамандар саны өте аз. Маньчжур тарихы, тілі және мәдениеті саласындағы танымал сарапшылардың барлығы дерлік маньчжурлардың тарихи елді мекені – солтүстік-шығыс Қытайдан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағына қоныс аударған.

АйшинГиоро Кайхе баяндамасында бүгінгі күнге дейін сақталған ақпараттың жетіспеушілігі маньчжур тарихын зерттеудің ең басты мәселесі болып табылатынын айтты. Ол Маньчжур тарихына қатысты құнды ақпарат қамтыған кітапханалардың саны өте аз екендігін тілге тиек етті. Мұндай кітапханаларға мысал ретінде Пекин кітапханалары, Тайвандағы Ұлттық Тайбей кітапханасы және Токиодағы Тойо Бунко кітапханасын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, АйшинГиоро Кайхе осы салада Қытайдан тыс елдерде жұмыс істейтін қытайлық емес ғалымдардың бар екенін айтты. Сондай-ақ, соңғы бірнеше онжылдықта батыс ғалымдары маньчжур халқының тарихына көбірек көңіл бөле бастағанын мәлімдеді. Біршама тарихи материалдар сақталған орталықтардың бірі – Ресей, атап айтқанда Санкт-Петербург қаласы. АйшинГиоро Кайхе өткен ғасырда маньчжур халқы өзінің мәдениеті мен ұлттық ерекшелігін жоғалтып алғанын және бұл бүгінгі таңда маньчжур халқының алдында тұрған аса маңызды мәселелердің бірі екендігін тілге тиек етті.

Семинар соңында қатысушылар баяндама тақырыбына қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026