f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2019 жылдың 8 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары доктор Суат Бейлур «Қазақстанда дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы» атты тақырыпта семинар өткізді.

2019 жылдың 8 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары доктор Суат Бейлур «Қазақстанда дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы» атты тақырыпта семинар өткізді.

8 November 2019

Доктор Суат Бейлур 1991-2017 жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын «Әлеуметтік өзгеріс үдерісінде Қазақстанда дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы» атты баяндамасында тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі дін мен мемлекеттің ара-қатынасын зерттеу әдістері мен тәсілдерін қарастырды. Бұл қарым-қатынасты тарихи тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін қазіргі факторларды анықтау өте маңызды екенін айтты.

Доктор Бейлур дін-мемлекет қарым-қатынасы қазіргі мағынада болмаса да, саяси тұрғыдан ұйымдастырылған ежелгі қоғамдардың / ұлттардың тарихынан бастау алатынын, бұл қатынастарға географиялық фактордан бөлек басқа да ішкі және сыртқы факторлардың әсер ететінін атап өтті. Әсіресе Қазақстан орналасқан аймақта дін-мемлекет-қоғам қатынастарында көптеген өзгерістер орын алғанын, сондықтан бұл байланыстарға көптеген факторлар әсер еткенін тілге тиек етті.

Сөзін жалғастыра отырып Бейлур, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстанда дін мен мемлекеттің қатынастарына исламға дейінгі және исламнан кейінгі дәуірдегі, патшалық және кеңестік кезеңдегі тарихи мұра, осы мұра ықпал еткен білім беру жүйесі, көшбасшының көзқарасы мен пікірлері, діни және этникалық құрылымының әртүрлілігі сияқты ішкі факторлармен қатар, Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие Ресей, Қытай және кейбір Батыс елдері, аймақтық және жаһандық ұйымдар, ынтымақтастықтар мен бастамалар, Түркия, Мысыр және Парсы шығанағы елдерінен шыққан исламдық қозғалыстар, Батыс және Азия елдерінен келген миссионерлік қызмет пен диаспораның қайта оралуы (оралмандар) сияқты сыртқы факторлар әсер еткенін атап өтті.

Тарихи зерттеулерден кейін далалық зерттеулерінің нәтижелерімен бөліскен доктор Бейлур атеистік-зайырлы кеңестік тарихқа қарамастан, қазіргі Қазақстан қоғамында (мұсылман университет жастары арасында) тәуелсіздік алғаннан кейін діншілдік үрдісі көрініс тауып келе жатқанын, ал институционалды деңгейде, әсіресе оқу орындарында зайырлылық үрдісі айқын байқалатынын айтты.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, институт директоры баяндамашыға сертификат табыстады.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026