f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Жандос Ранов «Қазақстан Республикасында сақтандыру саласының дамуына байланысты мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Жандос Ранов «Қазақстан Республикасында сақтандыру саласының дамуына байланысты мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді

28 November 2019

Доктор Жандос Ранов семинарында алдымен сақтандыру және қатер ұғымдары туралы жалпы түсінік беріп өтті. Көптеген дамыған елдерде сақтандыру секторы экономиканың маңызды стратегиялық секторларының бірі екенін айта келе, Ранов сақтандыру компанияларының қаржылық күші бұл компанияларды күшті қаржылық несие институттарына айналдырғанын айтты. Доктор Жандос Ранов әрбір елде сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларының полистерін сатудан түскен қаражаттан нақты сақтандыру сыйлықақыларының көлемі негізінде есептелетінін түсіндіріп, осы мәселеге қатысты халықаралық тәжірибемен бөлісті.

Сондай-ақ, доктор Жандос Ранов Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасу және даму тарихына тоқталды. Қазақстанның сақтандыру нарығы құрылу барысында кенеттен құлдырауды бастан кешіргенін атап өткен доктор Жандос Ранов мұның маңызды себептерін түсіндірді. Бұл сала, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды емес деп саналғандықтан, мемлекет те Қазақстандағы сақтандыру саласына жеткілікті көңіл бөлмейтінін мәлімдеді. Нәтижесінде ол сақтандыру нарығы көптеген жылдар бойы тұралап келе жатқанын атап өтті.

Баяндамасын жалғастыра отырып, доктор Жандос Ранов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтерімен және Қазақстанның жетекші сақтандыру компаниялары туралы толық ақпаратпен бөлісті. 2025 жылға дейін сақтандыру саласын дамытудың жол картасы әзірленгенін атап өтіп, бұл жол картасы саланың тез және сапалы дамуына ықпал ететінін және тұтынушылардың сақтандыруға деген қызығушылығын арттыра түсетінін баса айтты.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, тақырып бойынша пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026