f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Қытай қазақтарының этномәдени құндылықтарды сақтауы

Қытай қазақтарының этномәдени құндылықтарды сақтауы

27 June 2019
Қытай қазақтарының этномәдени құндылықтарды сақтауы

Қанай, семинар барысында Шыңжаңда тұратын этникалық қазақтардың өмірі, мәдениеті мен дәстүрлерінің күнделікті өмірде қолданылуы және ұлттық құндылықтарының сақталуы туралы ақпараттар мен мысалдар келтіре отырып баяндады.

Өмірбек Қанай алдымен өзінің Қытайда туып-өскен қазақ екенін айта келіп, Қазақ дегенде ақылға келетін алғашқы элементтердің бірі, қазақ халқының көшпелі өмірінде қолданған Киіз үй мәдениеті екенін,  дөңгелек киіз үйдің жер шарына және көк күмбезге ұқсас пішінінің де қазақы дүние танымнан туындайтындығын атап өтті. Аталмыш киіз үйлер күнделікті өмір үшін өте ыңғайлы екенін түсіндірді. Сонымен қатар Қанай, киіз үйдің ішіндегі қолдан жасалған кілем-кілшелердің Шыңжаң қазақтарында осы күнге дейін қолданыста болғанын және аталмыш кілемдерді әлі күнге дейін тоқуды жалғастырып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл қолөнердің ұлттық құндылықтарды қорғаудың ең маңызды үлгілерінің бірі екенін атап өтті. Дөңгелек киіз үйлердің пішінінде аймақта көптеген туристік қонақ үйлер бар екендігін және осы пішінде әуе шарының жасалғанын, тіпті 2018 жылы аталмыш шардың Гиннесс рекордтар кітабына енгенін баяндады.

Бұдан сырт, қазақтардың өмірінде мал шаруашылығы мен жылқының маңыздылығын атап өткен Қанай, ат әбзелдерінің жасалуы Шыңжаңда осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқанын айтты. Аймақтағы жылқы өркениетінен сыр шертетін көптеген мұражай бойынша суреттерімен де бөлісті. Сондай-ақ, аттың жақ сүйегінен немесе қошқар мүйізінен жасалған шамдардың күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылғанын жеткізді. Ал, әлемдегі ең кішкентай домбыра ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген домбыраның да Қытай қазақтары тарапынан жасалғанын баяндады.

Семинар қорытындысында Қанай, Қытай қазақтарының ұлттық рухани құндылықтарын сақтауына және бүгінгі күнге дейін жалғаттыруына ондағы қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып келе жатқанының үлкен рөл атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қытай қазақтарының дәстүрлі мәдениетінің кейбір элементтерінің Қытай мәдениетінің элементтерімен ішінара араласып жаңа мәдени элементтер қалыптастырғанын түсіндірді.

Семинардың соңы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері мен қонақтардың этникалық құндылықтарды қорғау мәселелері бойынша өзара сұрақтар қойып, пікірталас жүргізуімен жалғасын тапты. Семинар соңында институт директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер аға ғылыми қызметкер Өмірбек Қанайға құнды ақпараттармен бөліскені үшін алғысын білдіріп, алғыс хат табыстады.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026