f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2022 жылдың 3 наурызында Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі Әлеуметтану және антропология факультетінің ассистент профессоры, доцент, доктор Ұлан Биғожин «Спорт және бірегейлік құрылым» атты онлайн семинар өткізді.

2022 жылдың 3 наурызында Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі Әлеуметтану және антропология факультетінің ассистент профессоры, доцент, доктор Ұлан Биғожин «Спорт және бірегейлік құрылым» атты онлайн семинар өткізді.

3 March 2022

Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі Әлеуметтану және антропология факультетінің ассистент профессоры, доцент, доктор Ұлан Биғожин өз семинарында Қазақстандағы этноспорттың дамуы мен көкпар ойыны туралы ақпарат берді. Қазіргі әлемдегі танымал және бұқаралық спорт тек спорт қана емес, сонымен қатар бизнесті, БАҚ-ты, жарнаманы және бірегейлікті қалыптастырудың өте маңызды факторы екенін атап өткен доцент, доктор Ұлан Биғожин, әсіресе, көкпардың соңғы жылдары танымал бола бастағанын айтты. Осы тұрғыда доцент, доктор Ұлан Биғожин көшпелілердің көне спортының бірі – көкпарға соңғы уақытта қызығушылықтың арта түсуінің басты себептерінің бірі, сөзсіз, бірегейлікті қалыптастыру қажеттілігі екенін жеткізді. Әсіресе, Қазақстан жағдайында көкпарға мән беру КСРО жылдарында жоғалған «нағыз қазақ» болмысын қалпына келтірудің бір жолы ретінде қолданылғанын тілге тиек етті. Сондықтан мемлекет мұндай дәстүрлі көшпелі спорт түрлерін дамытуға баса мән беретінін тілге тиек етті. Доцент, доктор Ұлан Биғожин мұндай үрдіс тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның басқа елдерінде де байқалатынын атап өтті.

Семинардың жалғасында доцент, доктор Ұлан Биғожин көкпардың дамуы, әсіресе, ат бапкерлігі мен жылқы спортында маңызды жетістіктерге қол жеткізгенін атап көрсетті. Көкпар үйрету үшін жылқылардың жаңа тұқымдарын дайындау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатқанын және бұл салада мамандардың көбейгенін тілге тиек еткен доцент, доктор Ұлан Биғожин, бұл үрдістің жылқы шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізетінін айтты. Доцент, доктор Ұлан Биғожин соңғы жылдары ойын форматы мен ережесі өзгергенін айта келе, қазіргі таңда көкпардың екі түрі бар екенін, негізінен ескі ереже бойынша ойналатын жаппай көкпар және негізінен хоккей ережелері қабылданған жаңа көкпар бар екенін әңгімеледі.

Семинар соңында доцент, доктор Ұлан Биғожин ұлттық болмыстың дамуы мен қалыптасуында көкпарды дамытудың да маңызы зор екенін жеткізді. Бірақ мұндай бірегейліктің қалыптасуына қатысты адамдар арасында әртүрлі пікірлер бар екенін де тілге тиек етті. Бұл бағытта доцент, доктор Ұлан Биғожин халықтың бір бөлігі ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және нығайту мақсатында ескі дәстүрлі формаларды жаңғыртуға теріс көзқараспен қарайтынын түсіндірді. Олардың айтуынша бұл тәжірибе қоғамның жаңаруына кедергі келтіретін көрінеді.

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026