f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында

Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында

6 October 2019
Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 

Атырау облысы әкімдігі

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК,  Атырау облысы әкімдігі, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақаласы аясында «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды. Конференция 2019 жылы 9-11 қазан күндері Атырау қаласында өтеді.

Қаралатын мәселелер

– Әлем тарихындағы Жошы ұлысының (Алтын Орданың) рөлі;

– Жошы Ұлысының тарихи және мәдени мұрасы;

– Сарайшық – Жошы ұлысының рухани астанасы;

– Ортағасырлық қазақ мемлекеттілігінің генезисі.

Секциялар:

–  Жошы ұлысының (Алтын Орданың) деректану, тарихнама,  археология және нумизматикалық  мәселелері;

– Жошы Ұлысының тарихы мен мәдениеті;

– Ұлы дала өркениеті мен мемлекеттілігі.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі 6 беттен кем емес компьютер басылымында Times New Roman шрифтімен, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.

2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автор (авторлардың) аты-жөні, жұмыс орны жазылады.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1, 5 б.] беріледі.

4. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде берілуі керек.

5. Конференцияға тіркелу 2019 жылдың 25 тамызына дейін. Ал баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2019 жылғы қыркүйек айының  20-на дейін mir_abdigalyev@mail.ru поштасына жіберілуі тиіс. Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады. Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.

►Толығырақ

← Back to News
Recent News
Enstitü Müdürü Doç. Dr. Suat Beylur, TİKA ve YTB’nin destekleriyle Yörük Türkmen Birliği tarafından düzenlenen 3. Türk Dünyası Bilim Ödülleri Töreni’ne katılarak ödül takdiminde bulundu.

8 Oct 2026

Mersin Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Uluslararası İlişkiler Bölümü Başkanı Prof. Dr. Azime Telli, “Green Integration in the Turkic World: The Trans-Caspian Green Energy Corridor” konulu seminer verdi.

2 Oct 2026