
Bekarys Nuriman
Нұриман Бекарыс Тілегенұлы – PhD, Қауымдастырылған профессор (доцент), Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. Ол 2003-2007 жж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да білім алды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2014 жылы магистрлік, 2018 жылы PhD докторлық диссертация қорғады. 2018-2025 жж. Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да дәріс беріп, «Ғылыми басылымдар» бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2020-2024 жж. Анкара Хажы Байрам Вели университетінің шақыруымен PhD, Visiting Researcher ретінде дәріс берді. 2019 жылдан бері Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелетін Millî Folklor журналының Қазақстандағы өкілі. 2024 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері атанды. Ғылыми-зерттеу бағыты: Қарахан дәуірі әдебиеті, «Құтадғу білік», шағатай жазбалары, түркі фольклоры және академиялық жазылым мәселелері.
