f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2022 жылдың 17 наурызында Кембридж университеті Даму зерттеу орталығының PhD докторанты Тина Шиватчева «Болгарияның постсоциалистік даму жолы: ғылымға негізделген өндіріске мән беру» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

2022 жылдың 17 наурызында Кембридж университеті Даму зерттеу орталығының PhD докторанты Тина Шиватчева «Болгарияның постсоциалистік даму жолы: ғылымға негізделген өндіріске мән беру» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

17 March 2022

Тина Шиватчева өз семинарында негізінен Болгарияның Кеңес Одағынан кейінгі инновациялық дамуы туралы ақпарат берді. Болгария мен Қазақстанның инновация саласындағы ұқсастықтарына тоқталған Тина Щивачева ең алдымен  екі ел де коммунистік режим кезінде даму моделі ұқсас болғанын атап өтіп,  қазіргі жағдайда екі елде де дамудың жаңа үлгісін жасауға ұмтылыс бар екенін тілге тиек етті.

Тина Шиватчева өз сөзінде екі елдің ЖІӨ-нің өсу және құлдырау кезеңдері дерлік сәйкес келетінін және коммунистік режим ыдырағаннан кейін бұл елдерде шұғыл әрі түбегейлі индустрияландыру жүріп жатқанын айтты. Тина Шиватчева коммунистік экономикада табыс әкелетін көптеген ірі салалардың нарық жағдайында мүлдем бәсекеге қабілетсіз болып қалғанын атап өтіп, осы себепті 1990 жылдары көптеген ірі зауыттардың жабылып, әлеуметтік сілкіністерге әкелгеніне тоқталды. Дегенмен, 2000-шы жылдардан кейін Еуропалық Одаққа (ЕО) кіруге белсене кірісіп, 2007 жылы ЕО-ға мүше болған Болгарияның экономикалық дамуға қол жеткізе алғанын баяндады.

Семинардың жалғасында Тина Шиватчева ЕО-ға мүшелігі Болгария үшін жаңа мүмкіндіктер әкелгенін, әсіресе Еуропадан үлкен инвестиция ағыны болғанын атап көрсетті. Дегенмен, бұл инвестициялардың басым бөлігі инфрақұрылымдық жобаларға арналғаны Болгарияға инновациялық экономика құруға көп көмектеспейтінін тілге тиек етті. Қазіргі уақытта экономикаға жаңа технологияларды тартудың өте күрделі мәселе екенін айтқан Тина Шиватчева Еуроодақ мүшелігінің көптеген мүмкіндіктер бергенімен, Болгарияның әрекеттерін шектейтінін де айтты. Тина Щивачева сонымен бірге осы үдеріс барысында Болгариядағы білікті адам ресурстары шетелге қоныс аударғанын баяндады. Аталмыш келеңсіз жағдайдан шығу үшін Болгария инновацияға негізделген экономикалық даму жағынан жоғары дамыған ЕО-ның ірі елдерімен бәсекелесуі керек екенін, бірақ бұл бүгінгі күні өте қиын екенін айтып семинарын аяқтады.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026