f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Алмас Жүнісбаев «Орталық Азиядағы медицина мен денсаулық (тарихы мен сабақтастығы)» тақырыбында семинар өткізді.

2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Алмас Жүнісбаев «Орталық Азиядағы медицина мен денсаулық (тарихы мен сабақтастығы)» тақырыбында семинар өткізді.

23 September 2021

Алмас Жүнісбаев семинардың басында таяу заманғы жұқпалы аурулар, індеттер мен пандемиялар туралы қысқаша мәлімет берген соң, Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау саласының қазіргі таңдағы жағдайын баяндай отырып, аймақ елдеріндегі медициналық және денсаулық сақтау жүйелерінің қалыптасу тарихы мен басты ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді.

Мемлекеттік статистикалық органдар мен дүние жүзі елдерінің денсаулық сақтау жүйелерін сараптаумен айналысатын Блумберг, Намбео, ДДҰ рейтингтері мен индекстерінің мәліметтеріне сүйене отырып, Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау жүйелерінің басты көрсеткіштерін диаграмма және кесте түрінде ұсынды. Алмас Жүнісбаев баяндамасында Орталық Азиядағы ауруханалар мен дәрігерлік көмек көрсететін мекемелердің, олардағы төсек орындары, жоғары білікті дәрігерлер мен медициналық қызметкер санының тарихи динамикасын көрсету арқылы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның аурухана желісі, медицина мамандарын даярлау мәселелеріне тарихи тұрғыдан талдау жасады.

Алмас Жүнісбаев ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Орталық Азияда кең таралған негізгі індеттер мен жұқпалы аурулардың түрлерін, билік органдарының оларға қарсы жүргізген күресін саралап, осы күнде 5 республикада коронавирус індетінен туындаған эпидемиологиялық жағдайды салыстырмалы түрде қарастырып шықты. Алмас Жүнісбаев архив деректері мен тарихи құжаттар арқылы Қазақ даласы, Түркістан өлкесі, Бұқара әмірлігі мен Хиуа хандығындағы денсаулық сақтау жүйесінде кеңестік моделді енгізу кезінде туындаған басты мәселелерді талдап, оны қазіргі заманда Орталық Азия елдеріндегі денсаулық сақтау жүйелерін реформалауда туындап отырған өзекті мәселелерді атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер семинарда құнды ақпараттармен бөліскені үшін Алмас Жүнісбаевқа алғысын білдіріп, болашақта осы тақырыпқа байланысты зерттеулер жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026