f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2022 жылдың 7-9 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресі (EFE’2022) өтті.

2022 жылдың 7-9 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресі (EFE’2022) өтті.

10 September 2022

2014 жылдан бері екі жылда бір рет жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан конгрес биыл Сараево халықаралық университеті, Нью-Йорк Тирана университеті және Ибн Халдун университетімен бірлесіп өткізілді. Пандемиядан кейінгі әлемдегі негізгі экономикалық, қаржылық, саяси және энергетикалық үдерістерді ғылыми тұрғыдан талқылауға бағытталған EFE’2022 конгресі бетпе-бет және онлайн (аралас әдіс) қатысу форматында өтті.

Үш күнге созылған EFE’2022 конгресінің ашылу салтанатында V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресінің үйлестірушісі профессор, доктор Невзат Шімшек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Женгиз Томар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Түркия Республикасы Жастар және спорт министрлігінің кеңесшісі Селим Черрах, Нью-Йорк Тирана университетінің басқарма мүшесі, доктор Хасан Ташчы, Ибн Халдун университетінің ректоры, профессор Атилла Арқан, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек пен Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық мәжілісінің Жоспарлау және бюджет комитетінің төрағасы доктор Жевдет Йылмаз ашылу сөзін сөйледі.

Конгрестің ашылу сөзінен кейін арнайы шақырылған қонақтардан доктор Жевдет Йылмаз «Жаһандық індетпен күрес аясында жүргізілген ақша-несие және фискалдық саясаттарда кездескен тәуекелдер мен қиындықтар контексінде Түркияның тәжірибесі» атты баяндама жасады.

EFE’2022 көрмесінде негізінен Түркия, Қазақстан, Албания, Босния-Герцеговина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты 16 елден және 66 түрлі ұйымнан 150 ғалым өз баяндамаларын ұсынды. Пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастырған негізгі экономикалық, қаржылық, саяси және энергетикалық динамика ғылыми көзқараспен талқыланған Конгрессте түрлі аймақтар мен оқу орындарының сарапшылары және зерттеушілері, «экономика», «инновациялар және экономика», «пондемиядан кейінгі геосаяси қатынастар», «қаржы нарықтары», «криптографиялық активтер», «қаржы нарықтары және тұрақтылық», «экономикалық өсу және жаһандану», «климаттың өзгеруі», «энергетика және экономика», «экономикалық саясат және қаржылық тұрақтылық», «қоршаған орта және экономика», «климаттың өзгеруі және жаңартылатын энергия», «қаржы нарықтары», «жұмыспен қамту және инфляция», «қоршаған орта және экономика», «геосаяси қатынастар және экономика», «Мемлекеттік қаржы және инфляция», «Орталық Азия елдеріндегі экономикалық даму үдерістері» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибелері мен ұсыныстарын бөлісуге мүмкіндік болды.

EFE’2022 сессияларында доктор Жевдет Йылмаз, Фатих Сұлтан Мехмет Вакыф университетінің Экономикалық және әкімшілік ғылымдар факультетінің деканы, профессор, доктор Локман Гүндуз, БАӘ-Америка университеті Бизнес мектебінің деканы профессор, доктор Асма Салман және Албания президентінің экономикалық кеңесшісі әрі Нью-Йорк Тирана университетінің доценті, доктор Арян Кадария маңызды баяндамалар жасап, пандемиядан кейінгі экономикалық және қаржылық оқиғаларды сарапқа салды.

Көптеген ғалымдар қатысып, болашақ туралы маңызды ғылыми пікірталас жүргізген EFE’2022 конгресінің материалдар жинағын 2022 жылдың соңына дейін шығару жоспарланып отыр.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026