Қызметкерлер

vakur_sumer
Вакур Сүмер
Директор

Доцент, доктор Вакур Сүмер Түркияның Анкара қаласында орналасқан Таяу Шығыс Техникалық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінен PhD ғылыми дәрежесін алды. Конья қаласындағы Сельджук университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды. Доктор Сүмер АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Чапел-Хилл Солтүстік Каролина Университетінде пост-докторантура бағдарламасын тәмамдады. Сондай-ақ, Калифорния-Дэвис Университетінде ұсыныс етілген ғалым ретінде жұмыс атқарады.

Suatbeylur
Суат Бейлур
Директордың орынбасары

Суат Бейлур Анкарадағы Йылдырым Беязыт университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін және Хаджеттепе университетінде халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесін алды. Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгенге дейін Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінде (YTB) сарапшы, директор, бөлім басшысы және кеңесші болып жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми қызығушылық салалары: Орталық Азия мен Балқандағы әлеуметтік өзгерістер, дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы, диаспора

zhengizkhan_zhanaltay
Женгизхан Жаналтай
Директордың орынбасары

Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.

gulnar_nadirova
Гүлнар Надирова
Аға ғылыми қызметкер

Надирова Гүлнар Ермұратқызы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеу шығыстану институтында Алжир әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация, ал 2006 жылы Ташкент шығыстану институтында қазіргі заманғы араб тілді Тунис әдебиеті бойынша докторлық диссертация қорғады, профессор.

zhandos_ranov
Жандос Ранов
Аға ғылыми қызметкер

Философия ғылымдарының докторы (PhD) Жандос Ранов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Халықаралық қатынастар бөлімін бітірді. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Экономика бөлімінде магистр дәрежесін алды. Кейінірек сол университетте Есеп және аудит кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.

dauren
Әбен Дәурен Әбенұлы
Аға ғылыми қызметкер

Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

kanat
Қанат Маханов
Аға ғылыми қызметкер

Қанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.

omirbek
Өмірбек Қанай
Аға ғылыми қызметкер

Өмірбек Қанай қазіргі кезде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып жұмыс атқаруда. Ол 2010 жылы ҚХР Орталық ұлттар университетінің Қазақ тіл-адебиеті факультетіне түсіп, 2009 жылы аяқтады. 2008-2009 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде білім асырды. 2010-2013 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде түркология мамандығы бойынша докторантура оқыды. Аталған бөлімде 2010-2012 жж.

dinara
Динара Талдыбаева
Кіші ғылыми қызметкер

1983 ж. ОҚО, Түркістан қаласында туылған. Бастауыш және орта мектепті Абай атындағы №31 орта мектепті 2000 жылы тәмамдап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика факультеті «Халықаралық қатынастар» мамандығына оқуға қабылданды. 2004 жылы аталмыш бөлімді аяқтап, «Халықаралық қатынастар саласы маманы» деген біліктілік алды.

asset
Асет Ордабаев
Кіші ғылыми қызметкер

Әсет Ордабаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқаруда. 2012 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінде халықаралық қатынастар бойынша бакалавриатты тәмамдады. 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесін алды.

albina
Альбина Муратбекова
Кіші ғылыми қызметкер

Доктор Альбина Муратбекова – Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. Альбина шығыстану ғылымдарының PhD докторы. Сонымен қатар, EUCACIS PhD докторанттарды қолдау бағдарламасының стипендиаты, Фудан Университетінің стипендиаты, Кембридж Университетінің шақырылған студенті және Ланчжоу Университетінің алмасу бағдарламасының студенті болған. Бұрын Нархоз және АлмаЮ университеттерінің халықаралық бөлімдерінде университеттің интернационалдандыру стратегиясын енгізу бойынша жұмыс атқарды.

daulet
Дәулет Жайлыбаев
Кіші ғылыми қызметкер

Қазіргі таңда Жайлыбаев Дәулет Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқарады. Ол 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) тарих мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этнология кафедрасында магистратураны аяқтап, «Қазақстандағы әзербайжандар: этномәдени үрдістер» атты тақырыпта диссертация қорғады.

erkinbek
Еркінбек Тұрғынов
Кіші ғылыми қызметкер

Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.

azimzhan
Азимжан Хитахунов
Кіші ғылыми қызметкер

Азимжан Хитахунов Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бакалавр, магистр және PhD дәрежелерін алды (PhD докторлық бағдарламасын Италияның Болонья қаласында орналасқан Джонс Хопкинс Университеті Жетекші халықаралық зерттеулер мектебімен бірлесе отырып аяқтады).

nassiba
Насиба Джунаева
Кіші ғылыми қызметкер

Философия ғылымдарының докторы Джунаева Насиба Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен «Филология (Түрік тілі және әдебиеті)» мамандығы бойынша Бакалавр (2009) және магистр (2011) дәрежесін алды. 2009-2012 жылдары сол университетің аударма орталығында аудармашы болып қызмет атқарды. 2019 жылында Анкара университеті, Гуманитарлық ғылымдар институтының «Қазіргі дәуір түрік тілдері және әдебиеттері» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алды. Қазақстан және Түркияның ғылыми басылымдарында мақалалары шыққан, халықаралық конференцияларда баяндама жасаған.

ILANA-DAUTOVA
Илана Даутова
Кіші ғылыми қызметкер

Даутова Илана 2018 жылы КИМЭП Университетінің (Алматы, Қазақстан) экономика ғылымдарының бакалавры дәрежесіне ие болды. Ол сонымен қатар Ланкастер Университетіндегі (Ланкастер, Ұлыбритания) Foundation курсында және Ewha Womans University (Сеул, Оңтүстік Корея) бойынша алмасу бағдарламасында оқыды. Бұған дейін ол POSCO International Corporation халықаралық компаниясында бизнесті дамыту менеджері болып жұмыс істеген.