Eurasia Outlook 2017: Economic, Social and Political Perspectives in Eurasia

Әбен Дәурен Әбенұлы

Senior Research fellow

Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Вакур Сүмер

Director

Доцент, доктор Вакур Сүмер Түркияның Анкара қаласында орналасқан Таяу Шығыс Техникалық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінен PhD ғылыми дәрежесін алды. Конья қаласындағы Сельджук университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды. Доктор Сүмер АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Чапел-Хилл Солтүстік Каролина Университетінде пост-докторантура бағдарламасын тәмамдады. Сондай-ақ, Калифорния-Дэвис Университетінде ұсыныс етілген ғалым ретінде жұмыс атқарады.

Женгизхан Жаналтай

Deputy Director

Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.

Невзат Шимшек

Deputy Director

Невзат Шимшек 1994 жылы Анкара университеті, саясаттану факультетінің мемлекеттік басқару бөлімінде оқуын тамамдады. 1998 жылы «Бағалардың циклдық қылығын зерттеу: Түркияның үлгісі (1963-1995)» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, Докуз Эйлюл университетінің әлеуметтік ғылымдар институтында экономика мамандығы бойынша оқуын сәтті тамамдайды. 2005 жылы «Түркия өнеркәсіп салаларының өзара саудасын саралау» атты PhD диссертацияны Докуз Эйлюл университеті, әлеуметтік ғылымдар институты, экономика бөлімінің қабырғасында қорғап шығады.

Хайал Айча Шимшек

Visiting Research fellow

1995 жылы Хайал Айча Шимшек ханым Докуз Эйлюл университетінің экономика және басқару факультетінің мемлекеттік қаржы бөлімінде оқуын тамамдап, 1996 жылы мемлекеттік қаржы бөлімінде ғылыми асситент ретінде қызмет ете бастайды. 1995 - 1997 жылдар аралығында магистрлік оқуын оқып, «Үкіметті шектеулер қоюшы баламалы қазыналық саясаттар» атты диссертацияны қорғап тамамдайды.