2015 жылдан бері Еуразия ғылыми-зерттеу институты Еуразия аймағындағы айтулы өзгерістерді бағалайтын апталық электрондық бюллетеньдер дайындап, оларды оқырмандармен бөлісіп келеді. Бұл басылымда институтымызда қызмет ететін сарапшы мамандарымыз бен Түркия, Қазақстан және басқа да Еуразия елдерінің ғалымдары, сарапшы мамандары, мемлекеттік қызметкерлері мен саясаткерлері тарапынан дайындалған электрондық бюллетеньдер жиналған. Бұл кітап экономика, саясат және әлеуметтік мәселелер бойынша Еуразия аймағында белең алған соңғы өзгерістерге арналған бірден-бір еңбек болып табылады.
Әсіресе, жаһандық экономикалық дағдарыс пен халықаралық нарықтар да мұнай бағасының төмендеуінен кейін Еуразия елдері арасында экономикалық және саяси ынтымақтастық үлкен маңызға ие болды. Осы орайда, Еуразияда энергетика саласындағы жетістіктер туралы түрлі зерттеулер жасау және Еуразия елдері арасындағы екіжақты немесе көпжақты қарым-қатынастарды талдау күннен-күнге маңызды бола бастауда. Сондықтан, Еуразия аймағына қатысты экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша аналитикалық тал дауларды қамтыған жарияланымдар жа сау айтарлықтай маңызды болды. Осыған байланысты Еуразия ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің апталық тал дауларын бір кітапқа жинақтап шығару шешімінің негізгі себебі оқырмандарға Еуразия экономикалары мен саясаты ту ралы ауқымды пікір аясын ұсыну болып табылады.
«Eurasia Outlook 2016: Economic, Social and Political Perspective in Eurasia» атты кітаптың екінші басылымы Еуразия елдерінде қазіргі таңда орын алып отырған оқиғалар мен өзгерістерді жалпы сараптап талдау арқылы сіздердің назарларыңызға ұсынуды көздейді. Кітап экономика, қаржы, энергетика, көлік, халықаралық қатынастар, саясат және басқа да салалардағы дәйекті мәліметтерді қамтитын түрлі талдаулардан тұрады.
«Eurasia Outlook 2016: Economic, Social and Political Perspective in Eurasia» кітабы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Еу разия елдерінің экономикасына қатысты тақырыптар қамтылған. Бұл бөлімде Еу разия елдеріндегі қаржылық тұрақтылық қарастырылып, қаржы нарығы мен энергетика нарығындағы өзгерістер зерделенді. Сондайақ, аймақ елдерінің индустриалды құрылымы жанжақты зерттелді. Екінші бөлімде Еуразия елдері арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастыққа қатысты талдаулар ұсынылған. Бұл талдауларда тақырып тар әсіресе халықаралық және аймақтық тұрғыдан талқыланды. Осы мағынада, ха лықаралық ұйымдармен және аймақтың алып елдерімен халықаралық сауда және энергетика саласындағы ынтымақта стық егжейтегжейлі қарастырылды. Сондайақ, аймақтың қауіпсіздік мәселе лері мен Еуразия елдері арасында әскери саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мұқият талданды. Үшінші бөлім Еуразия аймағындағы энергетика тасымалда ры мен логистикасына байланысты. Бұл бөлімде энергетика және жүк тасымал дау саласындағы өзгерістер, сондайақ Еуразия аймағында әсіресе теміржол инфрақұрылымындағы оқиғалар талдан ды. Ал төртінші бөлімде Еуразия елдері әлеуметтіксаяси тұрғыдан зерттелді. Бұл бөлімде негізінен саяси жүйелер мен сайлау жүйесін қарастырған саяси тақы рыптармен қатар, Еуразия елдерінде әле уметтікмәдени өзгерістерді қарастырған әлеуметтікмәдени тақырыптардағы тал даулар қамтылған.
Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы аса құрметті профессор, доктор Мұса Йылдызға және Өкілетті кеңес мүшесі болып табылатын басқа да ұстаздарымызға бізге деген сенімі мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз. Сон дайақ жобалау және әзірлеу барысында көрсеткен еңбектері үшін Данияр Нұрбаев, Сәуле Ахметқалиева, Женгизхан Жа налтай және Әйгерім Манатқызына алғыс білдіреміз. Ең үлкен алғысты осы еңбекті жасау барысында бізді ынталандырып, қолдау көрсеткендері үшін Еуразия ғылы мизерттеу институтының барлық қыз меткеріне айтқымыз келеді. Осы еңбектің оқырмандар аясы кең болсын деген тілек білдіре отырып, Еуразия зерттеулері сала сында болашақта бұдан көп зерттеу жұ мыстары жасалады деген сенімдеміз.
Doç. Dr. Nevzat Şimşek lisans eğitimini Ankara Üniversitesi, Siyasal Bilgiler Fakültesi, Kamu Yönetimi Bölümü’nde 1994 yılında tamamlamıştır. Dokuz Eylül Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü, İktisat Anabilim Dalı Genel İktisat Programı’nda 1998 yılında “Fiyatların Konjonktürel Davranışına İlişkin Bir Araştırma, 1963-1995 Türkiye Örneği” isimli yüksek lisans çalışmasını, 2005 yılında ise Dokuz Eylül Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü, İktisat Anabilim Dalı’nda “Endüstri-içi Dış Ticaret (Türkiye’nin Endüstri-içi Dış Ticaretinin Analizi)” isimli doktora çalışmasını tamamlamıştır.
Hayal Ayça Şimşek 1995 yılında Dokuz Eylül Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Maliye Bölümü’nden mezun olmuştur. 1996 yılında aynı bölümde araştırma görevlisi olarak göreve başlamıştır. Hayal Ayça Şimşek 1995 yılında başladığı yüksek lisans eğitimini, 1997 yılında sunduğu ‘Kamu Kesiminin Sınırlarının Belirlenmesinde Alternatif Mali Politikalar’ konulu yüksek lisans teziyle tamamlamıştır.
Lydiya Parkhomchik 2001 yılında Abılayhan Kazak Üniversitesi Uluslarası İlişkiler ve Dünya Dilleri’nde başladığı lisans eğitimini 2006 yılında tamamlamıştır. Ardından KazUIR & WL’de Uluslararası İlişkiler Başkanlığı’nda öğretim elemanı olarak çalışmıştır. 2006 yılında ‘Çağdaş Dünya’da Etki Alanlarının Çatışması: Hazar Bölgesi Örneği Özelinde Trend Analizi’ başlıklı yüksek lisans teziyle yüksek lisans eğitimine başlamıştır.