«Сыбайлас жемқорлық» қазіргі қоғамда жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық проблема. Сыбайлас жемқорлық, мемлекетпен бір уақытта пайда болды деп есептеледі. Сыбайлас жемқорлықты жеңу мұқият және жүйелі тәсілді қажет етеді, өйткені бұл қоғамның демократиялық, моральдық-этикалық құрылымдарына қауіп төндіретін маңызды проблема. Барлық қоғамда кездесетін сыбайлас жемқорлық бүгінде өзінің әлеуметтік көрінісі тұрғысынан жаһандық проблемалардың қатарына жатады. «Transparency International» ұйымының мәліметтері бойынша әлемдегі бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықтан таза емес.
PDF
Философия ғылымдарының докторы (PhD) Жандос Ранов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Халықаралық қатынастар бөлімін бітірді. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Экономика бөлімінде магистр дәрежесін алды. Кейінірек сол университетте Есеп және аудит кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.