Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Назарларыңызға «Азия Еуропа» журналының 2017 жылдың сәуір айындағы санын ұсынып отырмыз. Бұл санымызда 2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бұрынғы Бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлымен Түркі Кеңесі туралы жүргізілген сұхбатпен бөлісуді жөн санадық.