Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Назарларыңызға «Азия Еуропа» журналының 2017 жылғы маусым айындағы санын ұсынып отырмыз. Бұл санымызда төрт түрлі талдау мен 30-ға жуық ақпараттық сараптамамен бөлісуді жөн көрдік. Осы орайда барлық ат салысқан жандарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Талдауларымыздың бірінде Қазақстанның Қытаймен саяси әрі экономикалық қатынастары қарастырылды. Басқа бір талдауда Қазақстанның жаңартылатын энергетика әлеуеті бағаланды. Бұған қоса, журналда қайырымдылық қорларының қоғамдағы әлеуметтік рөлі зерделенді.