Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
«Азия Еуропа» журналының 2018 жылдағы алғашқы санын назарларыңызға ұсынамыз. Жаңа жыл барлық адамзат қауымына бейбітшілік, игілік пен амандық әкелуіне тілектеспіз. Еуразия аймағындағы тұрақтылықты сақтау және дамыту біздің ең маңызды ниетіміз болып табылатындығы сөзсіз. Осы аймақтағы бейбітшілік, даму және тұрақтылықты қорғау тек қана аймақтық елдер үшін ғана емес, сонымен қатар бұл аймақтың жаһандық географиялық жағдайы мен тиімді позициясын есепке алсақ бүкіл әлем үшін де маңызды. Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ғылыми-зерттеу институты ретінде басты мақсатымыз – істеген жұмыстарымыз арқылы Түркия мен Қазақстанның саясаты мен ұлттық мүдделерін қолдайтын білім базасын құру, сондай-ақ Еуразия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғап, ынтымақтастықты тереңдетуге үлес қосу.