Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
«Азия Еуропа» журналының жаңа санын назарларыңызға ұсынамыз. Сәуір айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты ретінде III Экономика, қаржы және энергия конгресін (EFE 2018) ұйымдастырдық. Бұл іс-шараға жақын шетелден алпыстан аса сарапшы қатысып, Еуразия аймағындағы экономикалық өзгерістерге себеп болған геосаяси динамиканы жан-жақты талқылады.