Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
«Азия Еуропа» журналының 2016 жылдың шілде айындағы санында, әдеттегідей, бір сұхбат, үш талдау және 22 ақпараттық сараптаманы назарларыңызға ұсынбақпыз. Бұл санымызда Докуз Эйлул университетінің профессоры, доктор Реджеп Көктен сұхбат алдық. Сұхбат тақырыбы көбінесе экономикалық, қаржылық және саяси тәуекелдерден тұратын ел тәуекелінің құрамдас бөліктерінің нақты сектор табысына әсер етуіне арналды. Осыған байланысты сұхбатта прогрессивті индустрияландыру үрдісі тұрғысынан тәуекел құрамдас бөліктерінің маңызына қатысты құнды тұжырымдар таба аласыз.