2015 жылдан бері Еуразия ғылыми-зерттеу институты Еуразия аймағындағы айтулы өзгерістерді бағалайтын апталық электрондық бюллетеньдер дайындап, оларды оқырмандармен бөлісіп келеді. Бұл басылымда институтымызда қызмет ететін сарапшы мамандарымыз бен Түркия, Қазақстан және басқа да Еуразия елдерінің ғалымдары, сарапшы мамандары, мемлекеттік қызметкерлері мен саясаткерлері тарапынан дайындалған электрондық бюллетеньдер жиналған. Бұл кітап экономика, саясат және әлеуметтік мәселелер бойынша Еуразия аймағында белең алған соңғы өзгерістерге арналған бірден-бір еңбек болып табылады.
Әсіресе, жаһандық экономикалық дағдарыс пен халықаралық нарықтар да мұнай бағасының төмендеуінен кейін Еуразия елдері арасында экономикалық және саяси ынтымақтастық үлкен маңызға ие болды. Осы орайда, Еуразияда энергетика саласындағы жетістіктер туралы түрлі зерттеулер жасау және Еуразия елдері арасындағы екіжақты немесе көпжақты қарым-қатынастарды талдау күннен-күнге маңызды бола бастауда. Сондықтан, Еуразия аймағына қатысты экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша аналитикалық тал дауларды қамтыған жарияланымдар жа сау айтарлықтай маңызды болды. Осыған байланысты Еуразия ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің апталық тал дауларын бір кітапқа жинақтап шығару шешімінің негізгі себебі оқырмандарға Еуразия экономикалары мен саясаты ту ралы ауқымды пікір аясын ұсыну болып табылады.
«Eurasia Outlook 2016: Economic, Social and Political Perspective in Eurasia» атты кітаптың екінші басылымы Еуразия елдерінде қазіргі таңда орын алып отырған оқиғалар мен өзгерістерді жалпы сараптап талдау арқылы сіздердің назарларыңызға ұсынуды көздейді. Кітап экономика, қаржы, энергетика, көлік, халықаралық қатынастар, саясат және басқа да салалардағы дәйекті мәліметтерді қамтитын түрлі талдаулардан тұрады.
«Eurasia Outlook 2016: Economic, Social and Political Perspective in Eurasia» кітабы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Еу разия елдерінің экономикасына қатысты тақырыптар қамтылған. Бұл бөлімде Еу разия елдеріндегі қаржылық тұрақтылық қарастырылып, қаржы нарығы мен энергетика нарығындағы өзгерістер зерделенді. Сондайақ, аймақ елдерінің индустриалды құрылымы жанжақты зерттелді. Екінші бөлімде Еуразия елдері арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастыққа қатысты талдаулар ұсынылған. Бұл талдауларда тақырып тар әсіресе халықаралық және аймақтық тұрғыдан талқыланды. Осы мағынада, ха лықаралық ұйымдармен және аймақтың алып елдерімен халықаралық сауда және энергетика саласындағы ынтымақта стық егжейтегжейлі қарастырылды. Сондайақ, аймақтың қауіпсіздік мәселе лері мен Еуразия елдері арасында әскери саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мұқият талданды. Үшінші бөлім Еуразия аймағындағы энергетика тасымалда ры мен логистикасына байланысты. Бұл бөлімде энергетика және жүк тасымал дау саласындағы өзгерістер, сондайақ Еуразия аймағында әсіресе теміржол инфрақұрылымындағы оқиғалар талдан ды. Ал төртінші бөлімде Еуразия елдері әлеуметтіксаяси тұрғыдан зерттелді. Бұл бөлімде негізінен саяси жүйелер мен сайлау жүйесін қарастырған саяси тақы рыптармен қатар, Еуразия елдерінде әле уметтікмәдени өзгерістерді қарастырған әлеуметтікмәдени тақырыптардағы тал даулар қамтылған.
Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы аса құрметті профессор, доктор Мұса Йылдызға және Өкілетті кеңес мүшесі болып табылатын басқа да ұстаздарымызға бізге деген сенімі мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз. Сон дайақ жобалау және әзірлеу барысында көрсеткен еңбектері үшін Данияр Нұрба ев, Сәуле Ахметқалиева, Женгизхан Жа налтай және Әйгерім Манатқызына алғыс білдіреміз. Ең үлкен алғысты осы еңбекті жасау барысында бізді ынталандырып, қолдау көрсеткендері үшін Еуразия ғылы мизерттеу институтының барлық қыз меткеріне айтқымыз келеді. Осы еңбектің оқырмандар аясы кең болсын деген тілек білдіре отырып, Еуразия зерттеулері сала сында болашақта бұдан көп зерттеу жұ мыстары жасалады деген сенімдеміз.
1995 жылы Хайал Айча Шимшек ханым Докуз Эйлюл университетінің экономика және басқару факультетінің мемлекеттік қаржы бөлімінде оқуын тамамдап, 1996 жылы мемлекеттік қаржы бөлімінде ғылыми асситент ретінде қызмет ете бастайды. 1995 - 1997 жылдар аралығында магистрлік оқуын оқып, «Үкіметті шектеулер қоюшы баламалы қазыналық саясаттар» атты диссертацияны қорғап тамамдайды.
Невзат Шимшек 1994 жылы Анкара университеті, саясаттану факультетінің мемлекеттік басқару бөлімінде оқуын тамамдады. 1998 жылы «Бағалардың циклдық қылығын зерттеу: Түркияның үлгісі (1963-1995)» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, Докуз Эйлюл университетінің әлеуметтік ғылымдар институтында экономика мамандығы бойынша оқуын сәтті тамамдайды. 2005 жылы «Түркия өнеркәсіп салаларының өзара саудасын саралау» атты PhD диссертацияны Докуз Эйлюл университеті, әлеуметтік ғылымдар институты, экономика бөлімінің қабырғасында қорғап шығады.
Лидия Пархомчик Андрейқызы (әкесінің тегі Тимофеенко) 1984 жылы 9 ақпанда Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Зеленодольск қаласында дүниеге келеді. 1986 жылы қоныс аударғалы бері Қазақстан Республикасында тұрып жатыр.