Жаһандану – экономистер арасында жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі болып қала беруде. Бұл үдерістің Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық институттар күшті рөлі мен ықпалының, еркін сауданың, ұтқыр капитал мен адамдардың, технологиялар мен идеялардың болуын
жақтайтын қолдаушылары да бар. Үдерістің қарсыластары болса, негізінен жаһанданудан туындайтын түрлі қауіп-қатерге, атап айтқанда, ішкі бәсекелестіктің жоғарылауына, жергілікті өндірістің құлдырауына және мемлекет рөлінің төмендеуіне көңіл аударады.
Азимжан Хитахунов Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бакалавр, магистр және PhD дәрежелерін алды (PhD докторлық бағдарламасын Италияның Болонья қаласында орналасқан Джонс Хопкинс Университеті Жетекші халықаралық зерттеулер мектебімен бірлесе отырып аяқтады).