Адамдар саясаткерлерден және мемлекет басшыларынан соғыстар мен саяси дағдарыстардың себептері туралы, дәрігерлер мен ғалымдардан – індеттер мен климаттың өзгеру себептері жайлы, ал құдіретті күштерден табиғи апаттардың себептері туралы сұрауға бейім. COVID-19-дың пайда болу себебі туралы бірнеше нұсқасы айтылуда, оның ішінде бұл індеттің жасанды жолмен жасалу ықтималдығы да бар.
Надирова Гүлнар Ермұратқызы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеу шығыстану институтында Алжир әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация, ал 2006 жылы Ташкент шығыстану институтында қазіргі заманғы араб тілді Тунис әдебиеті бойынша докторлық диссертация қорғады, профессор.