Қырғызстан Республикасы бай энергетикалық әлеуетке ие. Елде 2010-2020 жылдар аралығында электр энергиясының шамамен 90%-ы гидроэлектр энергиясынан өндірілді, ал орташа жылдық өндіріс көлемі 12-13 тераватт-сағатты (TWh) құрады (Unece. org, 2019). Қырғызстанның өзінің электр энергиясына деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Алайда, маусымдық өзгерістер белгілі бір кезеңдерде елдің электр энергиясын өндіруде қиындықтар туғызады. Мысалы, қыста өзендердің қатуына байланысты су электр станциялары электр энергиясын өндіруде тіпті ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруда да қиындықтарға тап болады, ал көктем және жаз айларында болса, өндірілетін энергияны сақтау үшін қажетті инфрақұрылымның жеткіліксіз болуы себебінен де шығындарға әкеліп соғуда (Soros.kg, 2011). Тіпті бұл жағдайда да елдегі гидроэнергетикалық әлеуеттің 10%-нен азы ғана қолданылады (Ec.europa.eu, 2019).
Гидроэнергетикалық секторы дамыған елдердің өздерінің гидроэнергетикалық әлеуетінің 30%-тен астамын пайдаланатынын ескерсек, Қырғызстанның энергетикалық секторының болашақ дамуы үшін мүмкіндіктердің бар екендігін айтуға болады (Adb.org, 2014). Қырғызстанның электр энергиясын өндіру үшін жұмсаған күш-жігері мен атқарған жұмыстары бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалып қойған (Adb.org (2019).
Елдегі электрикалық индустрияның, экономикалық әуелет пен әл-ауқаттың артуына бір-бірімен байланысты мәселелер кедергі болып отыр. Елдегі аталмыш саланың өнімділік деңгейі төмендей түссе, керісінше қарқынды даму үстіндегі арта түскен ішкі сұранысты қанағаттандыру күші одан әрі әлсіруде. Әсіресе, қыс мезгілінде сұранысты қанағаттандыру күші әлсірей түседі. Нәтижесінде жергілікті тұтынушыларға арзан тариф ұсынылуына байланысты күтім мен жаңа өндіріс жобаларына жеткіліктіқаражат бөлінбеуі салдарынан бұл проблемакүрделенетүсуде (Polpred.com, 2021).
Соңғы жылдары экспорттық бағалардың өсуі тарифтер мен техникалық қызмет көрсету арасындағы айырмашылықты біршама қысқартты. Бұнымен қоса, елде қарыз төлемдері де артады деп күтілуде. Осылайша, 2023 жылы, инвестициялар есептелмеген жағдайда, тарифтер көтерілмесе, сектордағы қаржы тапшылығы шамамен ЖІӨ-нің 1%-ін құрайтын болады (Oecd.org, 2020).
Дүниежүзілік банктің зерттеуі бойынша, Қырғызстанның электр қуатымен қамтамасыз етілуі 2030 жылы 900 гигаваттқа дейін көтеріледі деп болжануда. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы 581 гигаваттқа сәйкес келген еді. Бұл өсудің маңызды себептерінің бірі – орталық жылыту жүйесіне қосылмаған ауылдық жерлердегі жылу және су жүйелерінің электр қуатымен жұмыс істеуі болыптабылады, бұл электр энергиясын тұтынудың артуына әкеледі(İmf.ogr 2020).
Қырғызстанның энергетикалық секторының шамамен 30%-ын құрайтын Тоқтоғұл ГЭС (ЖЭС) қоса алғанда, қолданыстағы қуаттылықтың шамамен 45%-інің қолданылу мерзімі аяқталған. Сондай-ақ, электр энергиясын беру және тарату желісінде де шығындар бар (Unece.org, 2019). Соңғы жылдары энергетика саласындағы отандық және шетелдік инвесторлардың қолдауымен жаңа инвестициялар жасалды, қолданыстағы нысандар жөнделді. Алайда, сектордағы қаржылық жағдайдың нашарлығына байланысты бұл инвестициялар жеткіліксіз болды. Қолданыстағы капитал активтерін сақтап қалу және жетілдіру үшін инвестициялардың жеткіліксіз болуы қаражаттың жойылуын тездетуі мүмкін және болашақта үлкен шығындарға жол ашуы ықтимал.
Қырғызстанның энергетикалық секторындағы электр энергиясы тарифтерінің көтерілуі кейбір қаржылық қиындықтарды тудырып отыр. Электр энергиясын тұтынушылардың жартысынан астамы өте төмен тарифтер бойынша төлем жасап отыр. Елдегі тарифтер қызмет құнының тек 40%-ын ғана қамтиды (Polpred.com, 2021). Басқа факторлардың арасында төленбеген электр қарыздары секілді техникалық және коммерциялық шығындар да бар.
Қорытындылай келе, энергетика секторы, әсіресе, жаңа инвестициялар мәселесі бойынша қаржылай қолдауды қажетсінеді. Бұл сектордағы инвестициялардың басым бөлігі бюджет арқылы қайта несиеленетін халықаралық қаржы институттары тарапынан қаржыландырылады. Электр энергетикасы компанияларының Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігіне қарызы 2016 жылы ЖІӨ-нің шамамен 20%-ына жетті. Сектордың қаржылық жағдайын есепке алғанда, бұл ұйымдардың толығымен бюджеттендірілуі мүмкін. Бюджеттік қолдау сонымен қатар орталық жылыту мен ыстық суға да жайылуда. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) соңғы зерттеулеріне сүйенсек, электр энергиясына, орталық жылытуға және ыстық суға арналған аралас субсидиялардың көлемі ЖІӨ-нің 3%-ын құрауда (İmf.ogr 2020).
Дүниежүзілік банктің 2017 жылғы есебіне сәйкес, тұтынушылар электр энергиясының жоғары бағаларын, сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша үкіметтің әрекеттерін, электр қуатын кесу және қызметтер сапасын реформаның басты тараптары ретінде көреді (Әлем Банкі,2018).Елдегі электр энергетикасы саласында кездесетін кең таралған қиындықтарды ескере отырылып, реформалаудың кешенді болуына көңіл аудару керек.Энергетикалық секторда өнімділікті арттыру үшін дамытушы серіктестермен жұмысты жалғастыру өте маңызды. Электр энергиясын беру және тарату желісіндегі жақсартулар маусымдық тапшылықты азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, мемлекеттік сектордың қаржылық мүмкіндіктерінен тыс инвестициялық қажеттіліктерді ескере отырып, жеке инвесторларды тарту үшін, ресми мекемелер барлық операциялық шығындарды, капитал үлестерін қайтаратын қолайлы бизнес ортаны құрулары кажет. Осыған байланысты, жақсы басқару және саяси тұрақтылық жеке инвесторлардың энергетика саласындағы жобаларға деген сенімінің артуында маңызды рөл атқаратын болады. Мұндай сенімге ие болу ұзақ мерзімді ресурстарды бөлуде маңызды болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер электр энергиясын өндіру көздерін әртараптандыру және энергетикалық қауіпсіздікті күшейту үшін гидроэнергетикадан басқа баламалы энергия көздерін дамытуы қажет.
Маңызды гидроэнергетикалық ресурстарына ие Қырғызстанның электр энергиясы секторы жоғары даму мен экспорттау мүмкіндігіне ие (Adb.org, 2019). Бірақ өзінің құнын актамайтын арзан тариф деңгейі энергетикалық компанияларды елеулі қаржылық қиындықтарға ұшыратты, сонымен бірге, секторда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және инвестициялардың созылмалы жетіспеушілігі өзі де шектеулі өндіріске кері әсерін тигізуде.Сектордың өміршеңдігін қалпына келтіру және экономикалық әлеуеттін арттыру үшін қолданыстағы тарифтік саясатты шұғыл реформалау қажет.
Дереккөз:
Adb.org (2014). Экономиканы стратегиялық бағалау. Сілтеме: https://www.adb.org/sites/default/files/publication/154075/kyrgyz-republic-strategic-assessmenteconomy-ru.pdf. Қаралған уақыты: 22.03.2021.Adb.org (2019). Өсу Әлеуетін Дамыту. Сілтеме: https://www.adb.org/sites/default/files/publication/648501/kyrgyz-republic-growth-potential-ru.pdf. Қаралған уақыты: 23.03.2021.Adb.org (2019). Қорғанудан Өркендеуге. Сілтеме: http://documents1.worldbank.org/curated/en/530371542660732945/pdf/129911-RUSSIAN-19-11-2018-17-33-47-KyrgyzRepublicSCDRussianFinalNovember.pdf.Қаралған уақыты:23.03.2021.
Ec.europa.eu (2019). Қырғыз Республикасының СЭС.Сілтеме: https://ec.europa.eu/info/sites/info/files/omurbek_jenishbekov.pdf.Қаралған уақыты: 23.03.2021.
İmf.org (2020). Қырғыз Республикасының ХВҚ баяндамасы. Сілтеме: https://www.imf.org/external/pubs/ft/dsa/pdf/2020/dsacr2090.pdf. Қаралған уақыты: 23.03.2021.
Oecd.org (2020). КОВИД-19 Орталық Азия елдерінде. Сілтеме: https://www.oecd.org/eurasia/competitiveness-programme/central-asia/COVID-19-crisis-response-in-Central-Asia-Russian.pdf. Қаралған уақыты: 22.03.2021.
Polpred.com (2021). Қырғызстан. Сілтеме: https://polpred.com/news/?cnt=76§or=19. Қаралған уақыты: 22.03.2021.
Soros.kg (2011). Қырғыз Республикасындағы Электр Энергетикасының Қолайсыз Жағдайының Себептері. Сілтеме: https://soros.kg/srs/wp-content/uploads/2019/08/Situation-in-energosystem_problems.pdf. Қаралған уақыты: 21.03.2021.
Unece.org (2019). Қырғыз Республикасының Тұрақты Энергетика Жөніндегі Ұлттық Іс-Қимыл Жоспары. Сілтеме: https://unece.org/fileadmin/DAM/project-monitoring/unda/16_17X/E2_A2.3/NSEAP_Kyrgyzstan_RUS.pdf. Қаралған уақыты: 21.03.2021.
Unece.org (2019). Тұрақты даму үшін инновациялар. Сілтеме: https://unece.org/DAM/ceci/publications/I4SD_Kyrgyzstan/ECI_CECI_25_RUS_for_web.pdf. Қаралған уақыты: 22.03.2021.
Халықаралық Валюта Қоры (2018). Дүниежүзілік Банктің Деректері. Сілтеме: http://documents1.worldbank.org/curated/en/358791542423680772/pdf/Kyrgyz-Republic-Country-Partnership-Framework-for-the-Period-FY19-FY22.pdf. Қаралған уақыты: 22.03.2021.
Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.
Философия ғылымдарының докторы (PhD) Жандос Ранов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Халықаралық қатынастар бөлімін бітірді. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Экономика бөлімінде магистр дәрежесін алды. Кейінірек сол университетте Есеп және аудит кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.