Қырғызстан өзге Орталық Азия мемлекеттерімен қатар 1992 жылы Солтүстік Атлантика Ынтымақтастық Кеңесіне (САЫК) кіргеннен бастап Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымымен (НАТО) ынтымақтастықты дамытуға кірісті. Бұл ұйым 1991 жылы желтоқсанда НАТО-ның дамушы серіктестерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылау және үйлестіру форумы ретінде құрылған болатын. Еуроатлантикалық кеңістікте НАТО елдері мен ұйымға мүше емес мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз ету үшін 1994 жылы қаңтарда басталған «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (БЖС) бағдарламасының негіздемелік құжатына Бішкектің 1994 жылы мамыр айында қол қоюы, Қырғызстан мен НАТО арасындағы нақты ынтымақтастыққа жол ашты.
Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.