Молдова 2009 жылы 7 мамырда Еуропалық Одақтың (ЕО) бастамасымен құрылған Шығыс әріптестігі (ШӘ) мүшелерінің бірі болып табылады. Оған посткеңестік алты ел – Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина қатысады. ШӘ бағдарламасы ЕО және оның Шығыс Еуропа мен Кавказдағы көршілері арасындағы экономикалық ынтымақтастық, сауда, аймақтық экономикалық саясатты іске асыру және басқа да мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу міндетін атқарады.
Қанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.