Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин төртінші президенттік мерзімге тағайындалғаннан кейін 2018-2024 жж. аралығында федералдық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылатын 150 міндеттен тұратын жаңа Мамыр жарлықтарын шығарған болатын. Бұл құжат белгілі бір дәрежеде Ресей үкіметінің алдағы алты жылға арналған елдің дамуы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын айқындауына байланысты зор маңызға ие.
Қанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.