Соңғы жылдары Өзбекстан ауылшаруашылық саласында үлкен жаңғыруды өткеріп жатыр. Өзбекстан жерлерінің 46% таулы және далалы аймақтар болса, 41% шөлді және шөлейт жерлерден тұрады. 3% орман жене 10% жерлері егістік алқабына қолданылады. Егістік жерлерінің шамамен 95% суғарылады. Бұл көрсеткіштен Орта Азия елдері арасында Өзбекстанның ауылшаруашылық жерлерінің ең көбі суармалы ел екенін көреміз (Kto.org.tr, 2017). Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2020 – 2030 жылдарға арналған су қауіпсіздігін дамыту тұжырымдамасында: Өзбекстан суармалы жер көлемі 4,3 млн. гектарды құрайтын және елдегі су ресурстарының 90-91% ауылшаруашылығы қажеттілігінде қолданылады екен. Ғылыми-зерттеулер мен жаңа технологияларды енгізудің арқасында ауылшаруашылық саласында жетістіктер көріне бастады. Солардың ішінде алға шыққан сала жылыжай өндірісі. Өзбекстан үкіметінің тікелей қолдауының арқасында жылыжаймен айналысуға кіріскен әрбір отбасын қолдау бағдарламалары қабылданған. (Lex.uz, 2020). Ел үкіметі ауылшаруашылық саласының дамуы мен серпілуіне көптеген жағдайлар жасауда. Соның арқасында өзбекстандық ауылшаруашылық өнімдері жақын көрші елдердің нарығын былай қойғанда Еуропа, Таяу шығыс нарығында өз орнын қалыптастырып үлгерді (Ведомости, 2018).
Өзбекстан замануи соңғы үлгідегі инновациялармен жабдықталған жылыжайлар саны артып келеді. Мұндай жылыжайлардың жұмыс үдерісі жылы ауамен қамтамысыз етіліп, кешен іші темтиратурасы бір қалыпты сақталып, электр энергиясын аз тұтынылады. Нидерландиялық компания негізінде, іске асқан мұндай жылыжайлар әлемде санаулы ғана. Озық жабдықтарға өте жоғары «бесінші ұрпақ» стандартына ие жылыжайлардың 7 гектары Өзбекстанда екен. Қарапайым жылыжайлардың өнім беру ұзақтығы 6 ай болса «бесінші ұрпақ» жылыжайлары жылы бойын үздіксіз өнімі береді. (Өзбекстан Ауылшаруашылық министрлігі, 2020a). Шавкат Мирзиёев ауылшаруашылық саласына ерекше көңіл бөліп, әрбір жоба бойынша арқарылып жатқан жұмыстарды тікелей бақылайтынын жеткізген. Ең алғаш 2019 жылынан кейін екінші рет жасаған сапарында «Бухоро Варнет» заманауи дамыған, заман талабына сай өзгерген жылыжайды көрген. Кешен жанынан оқу орталық лабораториясымен құрылып, аз шығынмен көп өнім алуға негіздел. Соңғы жылдары өзбек халқы мемлекет қолдауымен аграрлық ғылыммен технологияға мән берудің арқасында бұл салада жаңа деңгейге шықты. Инвестиция тарту және аграрлық өнімдер экспортын арттыру үшін Еркін экономикалық аймақтар құрылды. Солардың бірі Президент Жарлығымен 2018 жылы 10-шілдеде құрылған «Бухоро-агро». Соның арқасында шетелдік инвесторлардың қолдауымен құны 120 миллион АҚШ долларына салынған «Бухоро Варнет» жылыжай кешені. 2020 жылы жылыжай 20 миллиард сомның (1,9 миллион АҚШ доллары) өнімін өндіріп, экспорттан 1 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда түсірген. 2021 жылы аталған жылыжайға тартылатын шетелдік инвестиция құны 26 миллион АҚШ долларға жеткізу жоспарланып отыр (Өзбекстан Президентінің сайты, 2020a).
2020 жылдың 12-желтоқсан күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ауылшаруашылығы қызметкерлер күнгі құттықтауында бүкіләлемді құрсауына алған пандемия жағдайын өзбекстандық диқандар мен фермерлер табысты еңбек еткенін айтты. Өзбекстан экономикалық реформалармен қатар ауыл шаруашылық саласын дамыту, модернизациалау, қаржылау қолдау жобаларын көптеп ұйымдастырды. Осы мақсатта, Өзбекстанда 2020 жылдың өзінде ауылшаруашылығына қатысты 5 заң, Президент пен Үкіметтің 12 жарлығы, 30 қаулысы қабылданған. Соңғы жылдары халықтың қоныстануы, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану және суғару бойынша көп жұмыстар жасалып, аз уақыт ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекеттік үй маңындағы жерлерді ауылшаруашылығы мақсатында игерушілерге субсидия қарастырып, жер астынан бұрғылап сумен шығарумен шағын жылыжай құрылысына несие беруді бастаған. Бұл әрекеттің екінші пайдасы халықтың әлеуеметтік аз қамтамасыз етілген тобын қолдау, жұмыссыздықты жоюуға да әсер еткен. «Әр жас диқанға – жер берейік» бағдарламасы аясында 266 мың аз қамтамасыз етілген отбасыларға және жұмыссыз жастарға 84 мың гектар жер бөліп берілген. Соның арқасында 1 миллион тонна өнім жиналған. Осындай игі істердің арқасында пандемия кедергілеріне қарамай, 1,5 миллион тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдері 70 астам елге 822 миллиона долларға экспортталған (Өзбекстан Президентінің сайты, 2020b). Өзбекстанда осы жылдың 1-наурызынан бастап, бақша және жылыжайлар үшін берілетін несиені өтеуді 3 жылдан 7 жылға ұзартылған. Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мақсатында ауылшаруашылығымен айналысуға ниеттілерге инфрақұрылымы ыңғайлы аймақтан 10-50 соттық жер берілу қарастылыған (Uzdaily.uz, 2021). Шавкат Мирзиёевтің 2020 жылдың 12-наурызында “Global Food Impeks” жылыжайы кешенінің жұмысымен танысқан. Аталған жылыжай үшін 23 гектар жер бөлінсе, алғашқы кезеңде оның 10 гектарына жылыжай соғылып, 140 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи технологиялармен жабдықталған жылыжайлардағы инновациялық мүмкіндіктерін арттыру жоспардан түспек емес (Өзбекстан Президентінің сайты, 2020c). Өзбекстан ауылшаруашылық министрлі жылыжай кешеніне қатысты агротехиникалық іс-шаралар мен маркетингтік зерттеулерге және шетелдік нарыққа таза өнім жеткізудің жан жақты жолын қарастырған. Заманауи жылыжай кешенін дамыта түсу үшін елдегі банктармен бірлесіп, жобалар жасалғанын шағын өндірістердің кооперативтік бірігудің маңызды екенін айтты. «Бір аудан – бір өнім» жобасы экспорттық бағытты анықтауға зор мүмкіндік. Жалпы кешенді жүйенің негізінде жылыжай өнімдері бау-бақша және жылыжай шаруашылығын дамыту агентті мамандары бекітіп, жобаны банктердің қарауына жөнелтеді. Шетелдік озық тәжірбелерді қысқа уақытта зерттеп, елдің ауа райы климаттық ерекшелігін сай жаңа стандартқа сай жылы жайлар салынып келеді. Өзбекстан Ауылшауашылық министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы бірлесіп, құны 3,5 миллиона долларлық жылыжай жобасын дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Қазіргі таңда өзбек үкіметі жылыжай туралы азаматтардың барлық ұсыныстары мен отандық жылыжай өнімдерін қолдауға дайын (Өзбекстан Ауылшаруашылық министрлігі, 2020b).
Соңғы жылдары Өзбекстанның жылыжай арқылы серпінді дамытқан саласы лимон өндерісі. Реформалар жасалып, өнімнің көлемі артты. 2018–2019 жылдары республикада шетелден лимон өндірісін дамытуға 46 млн доллар АШҚ доллары көлемінде несие алынып, 730 гектар заманауи үлгідегі лимон плантациясы дайындалып, лимон жылыжайының көлемі республика бойынша 1 221 гектарға жеткен.
Қорыта айтқанда, Өзбекстан жерінің жартысынан астамы егістікке қолайсыз, құрғақ ауа райы болғандықтан және су мен жер ресурстарының жеткіліксіздігіне қарамай әлемдік озық тәжірибелердің ұтымды пайдаланып келеді. Өзбекстан территориясының егістікке қолайлы 10%-дық жер көлімін бұрынғыдан да тиімді пайдалану бойынша, соңғы 30 жылдағы бірнеше реформалар жылыжай өндерісін ұлғайту және жеке сектордың дербес жұмысына қолдау көрсету, ауылшаруашылығын ғылым-зерттеулермен байланыстырулар жақсы нәтижелерін беріп келеді. Ауылшаруашылығында отбасылық бірлестіктерге жасалған мүмкіндіктің арқасында Өзбекстанның ауылшаруашылығында түбегейлі өзгерістер орын алды. Өзбекстан жылыжай өндірісі бойынша аймақтағы ауылшаруашылық өнімдерін ең көп экспорттаушы елге айналды. Отбасылық шаруашылықтарға көмек көрсетудің тәртібін қалыптастырған Өзбекстанның ауылшаруашылық саласында елдің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Дереккөз:
Ведомости (2018). «Эко-мәдениет» Өзбекстандағы ең үлкен қызанақ өндірісін жасайды. Алынған: Vedomosti.ru/business/articles/2018/10/24/784495-rossiiskii-proizvoditel-ovoschei. Қаралған уақыт: 11.04.2021.
Газета.uz (2020). Цитрустың, субтропикалық және тропикалық жемістер орталығы құрылады. Сілтеме: https://www.gazeta.uz/ru/2020/02/21/lemons/. Қаралған уақыт: 11.02.2021.
Кония Сауда Палатасы (2017). Өзбекстан Республикасының жылдық есебі. Сілтеме: http://www.kto.org.tr/d/file/ozbekistan-ulke-raporu-2017.pdf. Қаралған уақыт: 09.04.2021.
Lex.uz (2020). Өзбекстан Республикасында 2020-2030 жылдарға арналған су қауіпсіздігі туралы тұжырымдамасы. Сілтеме: https://lex.uz/docs/4892946. Қаралған уақыт: 10.04.2021.
Өзбекстан Президентінің сайты (2020a). Жылыжай өндірісі сапалы түрде жаңа биіктерге көтеріледі. Сілтеме: https://president.uz/ru/lists/view/4095. Қаралған уақыт: 09.02.2021.
Өзбекстан Президентінің сайты (2020b). Өзекстанның ауылшаруашылық қызметкерлеріне. Сілтеме: https://president.uz/ru/lists/view/4009. Қаралған уақыт: 11.02.2021.
Өзбекстан Президентінің сайты (2020c). Қысқа уақытта заманауи жылыжайдан 480 мың доллар пайда түсті. Сілтеме: https://president.uz/ru/lists/view/3445. Қаралған уақыт: 10.02.2021.
Өзбекстан Ауылшаруашылық министрлігі, (2020) Жақын уақытта Өзбекстан жылыжай кешеніне жаңа жылыжай енгізбек. Сілтеме: https://www.agro.uz/ru/news/agro/v-blizhayshee-vremya-v-uzbekistane-budut-vnedreny-novye-mekhanizmy-razvitiya-deyatelnosti-teplits/?sphrase_id=25968. Қаралған уақыт: 11.02.2021.
Uzdaily.uz (2021). Ауылшаруашылығындағы өнім көлемінің артуымен су қолданудың басым бағыттары. Сілтеме: https://uzdaily.uz/ru/post/59256. Қаралған уақыт: 24.03.2021
Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.
Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.