2020 жылдың 15 қаңтарында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин федералдық жиналыста 16-шы жолдауын жасады. Жолдаудың ерте жасалу себебін қордаланған көптеген мәселелерді ерте анықтап, оларды барынша жылдам шешуге болатынымен түсіндірді. Жолдаудың басы демографиялық мәселеден басталып, Ресейде 147 млн. адам бар екенін және бұл көрсеткіш ресей үшін аз екенін атап өтті. Кеңес одағы тараған соң, Ресейдк қоғамдық түсінік пен құндылықтар түбірімен өзгеріп, бала туу мен бала саны мүлдем азайып, 1990-2000 жылдары арасында халық санының артуына кері әсерін тигізді (Kremlin.ru, 2020). 1989 жылғы халық санағында Кеңес одағы құрамындағы «ресейдіктердің» саны 147 млн. адамды құраған. Ресей бұл көрсеткішке 31 жылдан кейін ғана қайтадан қол жеткізе алды. 1991 жылы ресейліктердің саны 148,3 млн. халық жетсе, демографиялық көрсеткіштер осыдан кейін құлдырай бастады. 2001 жылы 146,3 млн дейін азайса, бұдан кейінгі жылдары әсіресе, 2009 жылы 142,7 млн. адамға тең болған (Rosstat, 2020). Мұндай олқылық жағдайдың алдын алу мақсатында Ресей үкіметі 2007 жылдан бастап халықты оңтайлы әртүрлі экономикалық қолдау бағдарламаларын қабылдай бастады. 2010 жылы демографиялық сауықтырулардың оң нәтижесі байқалып, халық санының артуы көрініс бере бастады. Алғаш рет санақ бойынша көбею көрініс беріп, халық саны 142,9 млн.-ға сәйкестігі есепке алынды(Rosstat, 2020). Осы кезеңнен бастап халық саны қарқынды өсе бастады. Туу көрсеткішіне көз салсақ, 1989 жылы 2,01 болса, бұл көрсеткіш жылдар өте күрт төмендеп, 2000 жылдары 1,1-ге дейін құлдырады. Бұл тұста, орыс әйелдерінің бір бала туып, өмір бойы жалғыз баланы қанағат тұтуын айтпай кетпеуге болмайды (World Bank, 2020).
Туу көрсеткішін арттыру бойынша отбасыларды қолдау бағдарламалары қабылданған 2007 жылдан бастап, демографиялық арту 1,7 дәрежеге жетіп, 2019 жылы да бұл көрсеткіш сақталып тұрды. Түрлі қолдаулардың арқасында тууда оң көрсеткіште байқалғанымен, бұл әлі де Біріккен ұлттар ұйымының болжамында көрсеткен 2,1 туу көрсеткішінен аса қоймағанын көруге болады (Who.int, 2020).
Демографиялық жағдайдан шығудың жолы ата-аналарға ұдайы көмек жасау екенін білетін Ресей үкіметі елдегі бала-бақшаның мәселесін шешу үшін аймақтарға көмек ретінде федералдық бюджеттен қаржы бөлген. Ол бойынша 2021 жылдың соңына дейін 255 мың орындық бала-бақша салу жоспарланған. Алайда, Ресей аумағында 2018-2019 жылдары салынуы тиіс 90 мың баланы қабылдайтын бала-бақшаның құрылысы толық бітпеуіне байланысты Путин федералдық аймақ басшыларына тапсырманы уақытында бітіруді ескертті. Осы күнге дейін құрылысы аяқталған 75 мың орынға қоса, 2021 жылдың жылдың соңына дейін 180 мың орындық бала-бақша құрылысын аяқтап, мақсат еткен, 255 мыңға қол жеткізудің қиын екенін көруге болады. 2007 жылдан бастап қолға алынған «Ана капиталы» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан 3 жасқа толмаған баласы бар, табысы аз отбасыларға жасалып келген қолдау талаптары 2020 жылдың қаңтарынан бастап жеті жасқа дейін ұзартылды (Kremlin.ru, 2020). «Ана капиталы» тіркесі ең алғаш рет Путиннің 2006 жылғы 10 мамырдағы жолдауында айтылып, кейіннен үкіметтің жылдары бойы кері кеткен демографиялық жағдайына .Путиннің тікелей қолдауының арқасында, мемлекеттік маңыздылығы ортаға қойылды.
«Ана капиталы» бала туғанда 1 рет қана берілетін, қаржылай қолдау пакеті, оны отбасының үйлі болу кезінде алғашқы жарна ретінде немесе баланың оқуы үшін Ресей аумағындағы білім орындарына оқу ақысын төлеу сияқты бекітілген мақсаттарға ғана жұмсауға болады. Тек қана Ресей азаматтарына берілетін бұл қолдау бағдарламасында егіз яки үшем туғанда, нәресте санына қарай, екі немесе үш есе арттырылмайды (Rescor.ru, 2013).
Бір реттік қолдау пакеті ең алғашында екінші нәрестеден 250 мың рубль басталып, қазіргі таңдағы девизасы сәйкес 3,272 доллор беріле бастаған және нәресте 3 жасына толмай қолдау пакетін қолдану мүмкін емес еді. Жылдар өте бұл көрсеткіш ұлғайып отырды: 2011 жылы 365 рубль (4,777 доллар), 2013 жылы 410 рубль (5,366 доллар), көлеміне жеткізілген соң, 2019 жылы 453 рублді (5,928 доллар) құраған. 2020 жылы 466 рубльге (6,099 долларға) жеткен көмек көлемі 2022 жылы 500 мың рубльге (6,544 долларға) дейін арттыру жоспарланып отыр. Кейіннен екінші нәресте үшін қосылша 150 мың рубль (1,963 доллар) беріледі. 2020 жылдың қаңтар айында жасалған өзгерістер мен толықтыруларда төлем тұңғыш нәрестеден бастап және алдыңғысы бойынша екінші нәрестеге берілетін 150 рубльді 616 рубльге (8,063 долларға) дейін арттырылады. Бұдан басқа 3 жасына дейін ай сайынға берілетін көмек бойынша жас мөлшері 7 жасқа дейін ұзартылды (Kremlin.ru, 2019; Kp.ru, 2020).
Мұншама жасалған көмек отбасылардың қаржылық жағдайларына оң әсерін беріп, көп балалы болуларына жол ашты. 2007-2018 жылдар аралығында Ресейде бұл көмекке қол жеткізген 9,5 млн. астам отбасының 90% «Ана капиталы» бойынша берілген қаражатты үйлі болуға пайдаланған екен. Тек 2019 жылды алып қарасақ, отбасылардың 70% үй алу үшін қолданса, ата-аналардың 20% көмекті пайдасын балаларының оқуына жұмсағаны анықталып отыр. Сонымен қатар, «Ана капиталы» талаптарына сай келсе де оны қажет етпеген ата-аналар үлесі 14% (Mir24.tv 2020), (Pfrf.ru, 2019).
«Ана капиталы» бағдарламасы ең алғашында 2007 жылдан 2017 жыл дейін жоспарланса, түрлі жылдары ұзартылып 2026 жылға дейін жалғасатын болады. Байқағанымыздай, мемлекет басшылығындағылар бағдарламаның демографиялық дімпулерге оң әсер бергенін көріп, бағдарламаны жетілдіре түсіп, көмек беруді жалғастырып отыр.
2020 жылдан бастап, «Ана капиталы» көмек көлемінің артуының арқасында көптеген белгілі жайттар бар. Мәселен, 2007 жылындағы туу деңгейі 1,4-тен қазіргі 1,7 көрсеткішіне 2014 жылы жеткенін кейінін соңғы бес жыл бойына тұрақтап қалды. Оған қоса, мұның жалпы халық санының артуына ықпал етумен қатар көрсеткіштер 2016 жылдан бүгінге дейін жалпы халық саны 146 млн.да тұралап, өте төмен көрсеткіштерді артта қалдырғанын көреміз (Rosstat, 2020). Сонымен қатар, жылдар бойына қарқынды түрде арттырылған «Ана капиталының» көлемі де соңғы бес жылда алдыңғы жылдарға қарағандай әлдеқайда ұлғайтылғанын байқауға болады. Бұл да Ресей үкіметінің демографиялық арту мен көмек көлемінің және қол жетімділік шарттарының қолайлы болуын қадағалап, жүргізген оң саясаттарын көріп отырмыз. Осы мақсатта Ресейдің халық санын ұлғайту керектігін айтқан, Путин 2020 жылдың қаңтарынан көмек көлемінің қаржылық мөлшерін арттыру арқылы отбасылардың көп балалы болуына жол ашуды мақсат тұтқанын байқауға болады.
Қорыта айтқанда, әлем бойынша ең үлкен жер көлеміне ие Ресей халқының санын арттыру арқылы еңбек нарығынан бос қалған жерлерлеріне халықты қоныстандырумен көптеген жақсы істерді атқаруда жетістіктерге жете бастады. Бұл бағытта Ресей үкіметі демографияны назарда ұстап, болашақта халқының көбеюіне басымдық беріп отыр. Осы мақсатқа жетуде бүгінгі таңдағы «Ана капиталы» сияқты бағдарламаның елдің экономикалық мүмкіндігіне сәйкес арттырылып, жалғастыра беретіндерін айтқымыз келеді.
Дереккөздер:
Kp.ru (2020). 2020 жылы Ана капиталындағы өзгерістер. Сілтеме: https://www.kp.ru/putevoditel/ya-mama/kak-ispolzovat-materinskij-kapital/. Қаралған уақыт: 11.02.2020.
Kremlin.ru (2020). Федералыдық жиналыстағы Президенттің Жолдауы. Сілтеме: http://kremlin.ru/events/president/transcripts/messages/62582. Қаралған уақыт: 09.02.2020.
Mir24.tv (2020). 1 қаңтардан бастап Ана капиталының көлемі артады. Сілтеме: https://mir24.tv/news/16392332/s-1-yanvarya-uvelichilsya-razmer-materinskogo-kapitala. Қаралған уақыт: 12.02.2020.
Pfrf.ru (2019). Ана (отбасы) капиталы бойынша білуіміз тиіс жайттар. Сілтеме: http://www.pfrf.ru/grazdanam/family_capital/chto_nuzh_znat/. Қаралған уақыт: 09.02.2020. Rbc.ru (2019). 11 жылдағы демографиялық құлдырау. Сілтеме: https://www.rbc.ru/economics/13/12/2019/5df240d49a79475d8876bdc3. Қаралған уақыт: 09.02.2020.
Rescor.ru (2013). Ана капиталы: Сұрақ-Жауап. Сілтеме: http://www.rescor.ru/?id=29&l=ru&il=489. Қаралған уақыт: 10.02.2020.
Федералдық Статистика қызметі (2020). Сілтеме: https://www.gks.ru/folder/12781. Қаралған уақыт: 10.02.2020.
World Bank (2020). Туу көрсеткіші, Жалпы (Әйелдердің туу көрсеткіші). Сілтеме: https://data.worldbank.org/indicator/SP.DYN.TFRT.IN?locations=RU. Қаралған уақыт: 09.02.2020.
Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.