Қала тұрғындарының мәдениеті мен өмір сүру дағдылары тікелей қаланың орналасқан орны мен архитектуралық ерекшелігіне байланысты. Соның ішінде Орталық Азия және Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен дамуы тұрғындардың әлеуметтік құрылымына және адамдардың өмір сүруіне ыңғайластырылған. Еліміздегі мұндай қаланың негізгі көрсеткіші ретінде Түркістан қаласын қарастыруға болады. Көне Түркістан қаласының архитектурасы орта ғасырлардағы әлеуметтік құрылым мен шығыстық стильдің көрнекті үлгісінен хабар береді
PDF
Қазіргі таңда Жайлыбаев Дәулет Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқарады. Ол 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) тарих мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этнология кафедрасында магистратураны аяқтап, «Қазақстандағы әзербайжандар: этномәдени үрдістер» атты тақырыпта диссертация қорғады.