2011 жылы Сирияда режим күштері мен оппозициясы арасында басталған қақтығыс азаматтық соғысқа ұласып, жақын тарихтағы ең үлкен көші-қон ағындарының бірін тудырды. Қауіпсіздік мақсатында үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған сириялықтар ел ішіндегі қауіпсіз аймақтарға, көрші елдерге, тіпті әр түрлі Еуропа елдеріне қоныс аударуда. Егер бұл көш ұдерісін сандық мәліметтер арқылы айтқанда, 6,6 миллионнан астам адам елдің басқа аймақтарына қоныс аударған болса, 2021 жылдың 19 мамырындағы жағдай бойынша, Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының мәліметтерінде тіркелген 5 602 649 сириялық шетелде тұрады.
PDFҚазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.