Еуропа одағының (ЕО) Орталық Азия бойынша 2019 жылға арналған стратегиясына сәйкес Еуропалық кеңес Орталық Азия мемлекеттерімен жаңа екіжақты Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімдер (КСЫК) бойынша келіссөздер жүргізуге бастамашы болды. ЕОның аймақпен өзара іс-қимылының негізін құрайтын КСЫК екіжақты серіктестіктің басты құралы болады деп жоспарлануда.
Доктор Альбина Муратбекова - Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. Альбина шығыстану ғылымдарының PhD докторы. Сонымен қатар, EUCACIS PhD докторанттарды қолдау бағдарламасының стипендиаты, Фудан Университетінің стипендиаты, Кембридж Университетінің шақырылған студенті және Ланчжоу Университетінің алмасу бағдарламасының студенті болған. Бұрын Нархоз және АлмаЮ университеттерінің халықаралық бөлімдерінде университеттің интернационалдандыру стратегиясын енгізу бойынша жұмыс атқарды.