Әлемдегі 200 миллионнан артық түбі бір Түркі халықтары қазіргі таңда латын, кирилл және араб графикаларына негізделген неше түрлі әліпби үлгісін қолдануда. Салдарынан аталмыш әліпбилер мен олардың орфографиялық үлгісі бір-бірінен өте алшақ болып, Түркі тілдерінің дыбыстық құрылымының жақындығы мен туыстығы ескерілмей келеді. Алайды, тәуелсіз Түркі елдерінде соңғы жылдары өзекті мәселеге айналған латын әліпбиіне көшу үдерісі, латын негізіндегі ортақ Түркі әліпбиін қалыптастыруға деген үмітті арттыра түсуде.
PDFБалжан Ешметова Батырханқызы қазіргі кезде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып жұмыс атқаруда. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бакалавр, магистр дәрежелерін алды. Сонымен қатар, Алматы Үздіксіз Білім беру университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы «6D021200-Түркітану»мамандығы бойынша докторантура оқыды. Оқу барысында Омер Халисдемир университетінде(Турция Республикасы, Нийде қаласы)Халықаралық Мевлана бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары