Жарияланымдар

Қытайдағы қазіргі көмір дағдарысы және еуразия аймағы үшін перспективалары

Қытай президенті Си Цзиньпин 2020 жылдың қыркүйегінде Біріккен ұлттар ұйымының 75-ші Бас ассамблеясында «Ковидтен кейінгі дәуірде әлем экономикасын жасыл түрде трансформациялау және қалпына келтіру» ізденісінде 2060 жылға қарай елдің көмірқышқыл газының шығарындыларын арттырмауға және азайтуға бағытталған баяндама жасаған болатын. Аталмыш әсерлі климаттық міндеттемесінен бір жыл өткеннен кейін Қытай көмір тапшылығына, […]


Арал теңізінің экологиялық көші-қонға әсері: Қызылорда облысы мысалында

Соңғы жылдары Қазақстан территориясында түрлі экологиялық мәселелер орын алып, аймақтарда шиеленіскен жағдайлар қалыптасып отыр. Солардың бірі – антропогендік іс-әрекет салдарынан пайда болған Арал теңізі мәселесі. Арал теңізінің тартылуы өңірді үлкен экологиялық апат аймағына айналдырғаны баршаға мәлім. Арал мәселесі 1960 жылдардан бері Сырдария және Амудария өзендерінің суларын суармалы егіншілік үшін мөлшерден […]


Әлемдік университеттер рейтингінен алынатың сабақтар: Қытай тәжірибесі

Күз – қызметтің көптеген салаларындағы нәтижелерді қорытындылайтын және бағалау мен бағдарлаудың ең маңызды құралы ретінде жыл сайынғы халықаралық рейтингтерді дайындайтын уақыт. Times Higher Education (THE) журналы, дәстүрге айналған World University 2022 рейтингтері әлемдегі ең жақсы оқу орындарының мәртебесі туралы мәлімет береді. Биылғы тізімге 99 елден 1662 университет кірді. Тағы 452 […]


Түркімен газын еуропа нарығына шығару: Транскаспий табиғи газ құбыры

British Petroleum (BP) мәліметтеріне сәйкес, Түркіменстан табиғи газдың дәлелденген қоры бойынша 19,5 триллион текше метрмен Ресейден (38 триллион текше метр), Ираннан (32 триллион текше метр) және Катардан (24,7 триллион текше метр) кейін төртінші орында. Осылайша, Түркіменстан әлемдегі дәлелденген табиғи газ қорының 9,8%-на ие. Географиялық орналасуына байланысты ол бай табиғи газ […]


Түркістан облысы ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері

Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайына байланысты ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты жолға қойылған. Оның ішінде мал шаруашылығы, бау-бақша, егін шаруашылығы және балық шаруашылығы кеңінен дамыған. Қазақстанның жалпы жер көлемінің 80% жуығы ауыл шаруашылығына қолайлы болып табылады. Ал оның 11% жуығы егістікке арналған жерлер болып есептеледі. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 22,582,3 мың […]


Шанхай ынтымақтастық ұйымының 20 жылдығы: ағымдағы жағдай

2021 жылы 17 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан президенті Имамали Рахмонның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық саммиті өтті. Мүше мемлекеттер ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан және бақылаушы мемлекеттер ретінде Беларусь пен Иран президенттері қатысқан саммитке, Қытай, Үндістан мен Ресей сияқты мүше мемлекеттер мен бақылаушы мәртебесіндегі Моңғолия президенттері […]


Азық-түлік бағасының көтерілуінің себептері: Орталық Азиядан мысалдар

Азық-түлік бағасы – экономикалық және саяси тұрақтылықта маңызды рөл атқаратын көрсеткіштердің бірі. Азық-түлік бағасы сұраныстың артуына (негізінен Азия елдерінен), қаржы нарығының айналымына, экспорттық шектеулерге, нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне, өндірістің баяулауына, валютаның құнсыздануына, мұнай бағасының өсуіне, биоотынға сұраныстың және қорлардың төмендеуіне қатысты әр түрлі факторларға байланысты болып келеді. Соңғы пандемия әлемдік азық- […]


Су ресустары: су мәселесі орталық азияда өңірлік ынтымақтастық факторына айналды

Орталық Азияның жақын болашақта дүп келетін күрделі мәселелердің бірі – су тапшылығы болары анық. Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметтері бойынша, Түрікменстан өте жоғары деңгейде су тапшылығына ұшыраған 17 елдің қатарына кіреді; Өзбекстан мен Қырғызстан аталмыш тізімде су тапшылығы жоғары 40 елдің қатарына кіреді, ал Қазақстан мен Тәжікстанға су тапшылығының қаупі төніп […]


Орталық Азиядағы ортақ мүдделер тоғысындағы ынтымақтастық мәселесі

Аймақтағы саяси және қауіпсіздік мәселесінің маңызы күн өткен сайын арта түскен кезеңде Орталық Азия елдерінің басшылары, атап айтқанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен Президенттердің консультативтік кездесуін өткізді. Кездесуде Орталық Азия Президенттерімен қатар, Біріккен […]


Талибанның Ауғанстан билігіне келуі мен оның аймақтық және жаһандық әсері

АҚШ пен НАТО әскерлері Ауғанстаннан шегіне бастағанда күшейе түскен «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) 2021 жылы 15 тамызда күтпеген жылдамдықпен Ауған астанасы Кабулды соғыссыз басып алып, бүкіл әлемді тағы да тіксіндірді. Ауғанстан үкіметі құлап, Талибан елдің басым бөлігін бақылауға алған соң Ауғанстанда күрделі хаос орнады. Талибанның тура 20 жылдан […]