Жарияланымдар

Орталық Азия жоғары білім кеңістігін құру: аймақтық халықаралықтандырудың перспективалары

2021 жылы 18 маусымда Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан білім министрлері Орта Азия аймағында бірыңғай жоғары білім кеңістігі – Түркістан декларациясын құру туралы келісімге қол қойды. Орталық Азия өкілдері Орталық Азия жоғары білім кеңістігін (OАЖБК) құру, бірлескен білім беру бағдарламалары мен бірлескен ғылыми жобаларды дамыту, студенттер мен академиялық персоналдың аймақтық […]


Өзбекстанның сыртқы саудасы

Халықаралық сауда Өзбекстан үшін өте маңызды рөл атқарады. Ел мақта, жеміс-жидек пен көкөністерді қамтыған ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілердің бірі болуда. Тәуелсіздік алғаннан бері Өзбекстан біртіндеп реформалар жасай бастады. Ел экономикасының ерекшелігі, импортты алмастыру саясатын жүргізіп, ішкі нарықтың қатты қорғалғандығында болды. Сонымен қатар, Өзбекстан экспортты қарқынды түрде қолдады. Алайда қазіргі президент Шавкат […]


COVID-19 індеті және Орталық Азияға жіберілген ақша аударымдары

COVID-19 пандемиясының басынан бастап, халықаралық көші-қон, әсіресе жабық шекаралар мен саяхаттар шектеулеріне байланысты еңбек көші-қонына кері әсері сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есебіне сәйкес, тек 2019 жылдың шілдесінен бастап 2020 жылдың маусымына дейінгі аралықта халықаралық көші-қон шамамен 27%-ға төмендеп, 280,5 миллионға түскені болжанды.


Гуманитарлық және мәдени жобалар: қолдау және қаржыландыру

Мәдени-гуманитарлық салалардағы зерт- теулер, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру көптеген елдер үшін әрдайым қиын болған және қиын болып қала беруде. Гуманитарлық және мәдени іс-шаралардың негізінде олардың айтарлықтай табыс әкелмеуі және технологиялық немесе жаратылыстану ғылымдарындағыдай коммерцияландыру үшін қолайсыз болуы мәселесі бар. Жалпы, әр түрлі қорлар мен арнайы бағдарламалар қосымша қаржыландыру […]


Грузия, Молдова және Украина: тәуелсіз мемлекеттер достастығында емес, Еуропа Одағында да емес

Соңғы кездерде Молдова, Украина және Грузия еуропалық интеграция жолында белсенді ынтымақтастықта болды. Үш мемлекет те 2014 жылы Еуропалық одақпен (ЕО) серіктестік келісімшарттарына қол қойды. 24 маусымда Брюссельде үш елдің Сыртқы істер министрлері ЕО-ның Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Борреллмен «Associated Trio» атты жаңа ынтымақтастық форматы аясында кездесті. Бұл үш […]


Халықаралық ядролық саясат: неге елдер ядролық қаруға ие болғысы келеді?

Атом ядросының бөлінуі, бірігуі немесе екеуінің қоспасы арқылы химиялық реакциясы нәтижесінде жарылыс жасайтын қаруды ядролық қару деп атауға болады. Ядролық қаруды халықаралық қатынастарда бірінші рет Америка құрама штаттары (АҚШ) Жапонияға қарсы 1945 жылы 6 және 9 тамызда қолданды. Әлемде ядролық қаруды сынақтан өткізген сегіз егемен мемлекет бар. Олардың бесеуі Ядролық […]


Қазақстан республикасының жастар саясатына қысқаша шолу

Қазіргі таңда 19 миллионға жақындап қалған Қазақстан халқының орташа жасы 2020 жылғы мәлімет бойынша 30,7-ні құрап отыр. Осы орташа көрсеткішпен әлемде 114-ші орында тұрған Қазақстан халқының жартысына жуығы 29 жасқа толмаған. Жастар туралы заңда және басқа да ресми құжаттарда жастар ретінде қабылданған 14-29 жас аралығындағылар жалпы халықтың 22,3%-на сәйкес келеді. […]


Қырғызстан туризмінің дамуы мен мүмкіндіктері

Қырғызстан өзінің табиғи сұлулығымен, тарихи және мәдени құндылықтарымен Орта Азия елдері арасында туристік әлеуметі мен мүмкіндігін жоғары мемлекеттердің бірі. Әсіресе, табиғат туризмінің орны ерекше. Террироиясының 65%-ын Тәңір таулары алып жатқандықтан туристер тарапынан Қырғызстан «Орталық Азияның Швейцариясы» деп те аталады. Жалпы Орталық Азия аймағы қайталанбас табиғи кереметтері мен тарихи орындарымен әлі […]


Түркия мен Еуропалық одақ арасындағы босқындар туралы келісім: келісімді жаңарту туралы өтініш

2011 жылы Сирияда режим күштері мен оппозициясы арасында басталған қақтығыс азаматтық соғысқа ұласып, жақын тарихтағы ең үлкен көші-қон ағындарының бірін тудырды. Қауіпсіздік мақсатында үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған сириялықтар ел ішіндегі қауіпсіз аймақтарға, көрші елдерге, тіпті әр түрлі Еуропа елдеріне қоныс аударуда. Егер бұл көш ұдерісін сандық мәліметтер арқылы […]


Қырғызстандағы Садыр Жапаров кезеңі: сыртқы саясатқа және экономикалық дамуға шолу

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі демократияның дамуы мен тамырлануы тұрғысынан Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде танылған Қырғызстанда көптеген өзгерістер болды. Соңғы рет, 2021 жылғы 11 сәуірінде Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кенес сайлауы қатар өтті. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) қортынды мәліметі бойынша, елдегі 2483 сайлау учаскесінде жергілікті кенеш сайлауына 1,295,096 (39,09%) […]