Жарияланымдар

Зенгезур дәлізінің Әзербайжан мен аймақ үшін маңызы

Әзербайжан Таулы Қарабақ бойынша 2020 жылдың 27-қыркүйегінде екінші рет тұтанған соғысты 44 күнде өз пайдасына шешті. Дегенмен, Оңтүстік Кавказ аймағындағын жағдайға толық шешу үшін арнайы келісімнің болуы қажетті. Осы мақсатта Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бітімгершілік бастамасымен 2020 жылдың 10-қарашасында Мәскеуде Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам […]


Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық су мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынан талдау

Бүгінгі таңда су мәселесі Орта Азия халықтары үшін өте маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Су тіршіліктің көзі екені баршаға мәлім. Ол әлеуметтік және экономика саласында, нақтырақ айтсақ, ауыз су ретінде пайдаланудан бастап, өндіріс үшін өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, сонымен қатар электр энергиясын алу үшін де қолданылады. Су электр станциялары суы мол […]


Көркем шығарма тудырудағы адам миының қызметі

Адам миының қызметіне қатысты ғылым салалары пайда болғаннан бері көптеген зерттеулер жүзеге асырылды. Нейрология, физиология, неврология, психология, жасанды интеллект және когнитология сынды салаларда адам миының оң және сол жақ жартысына әртүрлі эксперименттер жасалып, болжамдар мен пайымдаулар айтылды. Осы уақытқа дейін халық санасында адам миының оң және сол жақ бөлігіне тән […]


Түркістан облысындағы ажырасу көрсеткіштері мен себептері

Қоғамда неке және отбасы мәселесі қай кезде болмасын өзектілікке ие, себебі отбасы институты қоғамдық дамудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Соның ішінде ажырасу жағдайы үлкен әлеуметтік проблема болып табылады. Бұл тек қоғам үшін ғана емес, сонымен қатар ерлі зайыптылар, олардың балалары мен жақындарына да қиындық тудырады. 1950 жылдары республика бойынша әр […]


Алматы әуежайы: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер

1927-1997 жылдарында Қазақстан Республикасының (ҚР) астанасы болған Алматы 2 миллионға жуық халқымен елдің ең үлкен қаласы және елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 20% құрайды. Алғашқы ұшулары 1935 жылдан басталатын Алматы халықаралық әуежайы (АХӘ) бұл күндері Орталық Азияның әуе транспорты ең қарбалас әуежайларының бірегейі. Әуежайда 2 ұшу-қону 4400м х 45м және […]


Иран-Пәкістан-Үндістан газ құбыры жобасындағы соңғы жағдай

Иран-Пәкістан-Үндістан (ИПҮ) газ құбыры жобасы алғаш рет Иран тарапынан 1990-шы жылдардың ортасында Иран газын Пәкістан арқылы Үндістанға тасымалдау мақсатында басталды. Алайда, бұл идея алғаш рет 1950-ші жылдардың соңында Пәкістанның Әскери-техникалық колледжі тарапынан жарияланған ғылыми мақалада ұсынылған болатын (Каменев, 2009). Аталмыш идея 1989 жылы Пәкістанда газ жетіспеушілігі нәтижесінде күн тәртібіне шықты. […]


«Болашақ» бағдарламасы: тарихы мен даму кезеңдері

Халықаралық «Болашақ» степендиясы 1993 жылдың 5-қарашадағы Қазақстан Республикасының (ҚР) Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың № 1394 Қаулысымен кадрлар мен мамандар даярлау үшін құрылған. Республика азаматтарының әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында күндізгі бөлімде магистратура, докторантура (PhD), медициналық ғылым кандидаты, клиникалық ординатурада оқу, резидентура білімін шыңдауға немесе шетелдік мекемелерде іс-тәжірибеден өтіп біліктілік […]


Үнді-Тынық мұхиты аймағында Қытай-Тайван қарым-қатынасының болашағы

Бүгінгі құбылмалы әлемдегі соңғы жаһандық және аймақтық геосаяси және геостратегиялық өзгерістерге байланысты Үнді-Тынық мұхит аймағында бұрыннан жалғасып келе жатқан кейбір мәселелер тіпті де айқындала түсті. Бұл тұрғыда Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы шағын арал елі Тайвань әлемнің екінші экономикасы Қытаймен келіспеушіліктеріне байланысты аймақтағы ең үлкен мәселе болумен қатар, жаһандық және аймақтық геосаяси […]


Қазақ әдебиетінің цифрлану үдерісі

Әлемдік цифрлық жүйе мен ғаламтордың жылдам даму құбылысы қазақ әдебиетіне де жан-жақты ықпал етуде. Жаңа ақпараттық технология түрлерінің әсер етуі негізінде көркем әдебиеттің жаңа түрлері, жанрлары және бағыт-бағдарлары қалыптасуда. Цифрлық бағдарламалар көркем әдебиеттің поэтикасы мен форматын (қағаз және электронды) өзгеріске ұшыратты. Әдебиеттің цифрлану үдерісіне екі аспект тән. «Киберәдебиет» атауындағы «кибер» […]


COVID-19 індеті салдарындағы жаһандық туризм секторының өзгерісі: Түркиядағы туризм тенденциялары

Әлемдік деңгейде қарастырылған кезде, туризм саласы көптеген елдердің маңызды кіріс көздерінің арасында өз орнын күннен-күнге жақсартуға мүмкіндік беретін жетекші бағыттардың бірі болып табылады. Бұл сала 2010-2019 жылдар аралығында әртүрлі халықаралық оқиғалар мен экономикалық қиындықтарға қарамастан дамыған ішінара секторлардың қатарына кіреді (БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, 2021). 2019 жылы әлем бойынша 1,4 […]