Мерзімі: 2020 жылдың 15 наурызына дейін
Негізгі талаптар: Үміткердің магистр немесе докторлық дәрежесі болуы тиісті.
Толығырақ: “Аға ғылыми қызметкер” қызметіне, әрі қарай жұмысын жалғастыру мүмкіншілігін ескертіп, бірлікке немесе 0,5 бірлікке мамандарды келісім-шарт бойынша 1 жылға қабылдайтынын хабарлайды. Қызметкер институттың атынан зерттеулер жүргізуі тиісті және нәтижелері жарияланып отыруы керек. Тақырып жобалары: экономика, қаржы мәселелері, энергетика, саясат, сыртқы саясат, қаіупсіздік. Аймақтағы елдер және олардың өз-ара, басқа елдермен қарым-қатынастары, қоршаған орта, технология, тілдер, философия, тарих, мәдениет, өнер және әлеуметтік ғылымдар. Жобалар “Қазақстан, Түркия, және де Еуразия аймағын түгелдей” қамтуы тиіс. Жалақы талаптарыңызды толығымен қанағаттандырады деген сенімдеміз.
Үміткерлерге қойылатын шарт:
Экономика, қаржы және энергетика салаларында, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында магистр немесе докторлық дәрежеге ие болуы тиісті.
Ғылыми журналдарда жарияланған еңбектері болуы тиісті.
Академиялық және зерттеу жұмыстарын жақсы жазу дағдырлары болуы тиісті.
Кем дегенде бір шет тілін білуге тиісті.
Үміткерлер төмендегі құжаттарды doc немесе pdf форматы бойынша мына электронды мекенжайға info@eurasian-research.org жіберуі керек.
a) Зерттеу саласында жұмыс істеу тәжірибеңізді сипаттайтын жолдама хат;
b) Ағылшын тіліндегі бір басылымың нұсқасы;
c) Жарияланған мақалаларыңызбен қоса ағылшын тілінде жазылған түйіндемеңіз;
d) Магистр немесе докторлық дипломның көшірмесі;
e) Осы институтта іске асырмақ жоспар, ниеттеріңіз туралы ойларыңыз.