f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 4 маусымында Анкара университетінің профессоры, доктор Али Мертхан Дүндар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының іс-шаралары аясында «Қиыр Шығыс және Орталық Азия байланыстары» атты тақырыпта семинар өткізді.

2020 жылдың 4 маусымында Анкара университетінің профессоры, доктор Али Мертхан Дүндар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының іс-шаралары аясында «Қиыр Шығыс және Орталық Азия байланыстары» атты тақырыпта семинар өткізді.

4 June 2020

Профессор, доктор Али Мертхан Дүндар семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індетінің Қытайда пайда болғанын еске салып, оның бүкіл әлемдегі тепе-теңдікті өзгерткенін атап өтті. Бұл індеттің халық тығыз орналасқан аймақтарда пайда болу ықтималдығы жоғары екендігін баса айтқан профессор, доктор Али Мертхан Дүндар бұл індет Қытайға саяси және экономикалық тұрғыдан айтарлықтай зиян келтіргенін мәлімдеді. Ол Қытайдың мықты ел болғанына қарамастан, мұндай вирусты жеңе алмағандығы Қытайдың күші мен әлемнің бұл елдің күшін қалай қабылдайтындығына қатысты сұрақ туындатынын айтты.

Семинар жалғасында профессор, доктор Али Мертхан Дүндар АҚШ Қытайдың сыртқы әлемге ашылуға бағытталған әскери саясатына кедергі келтіретін іс-шаралар жүргізетінін айтты, бірақ АҚШ-тың бұл әрекеттерді тікелей жасамайтынын мәлімдеді. АҚШ-тың бұл шараларды өзіне жақтас үкіметтер арқылы жүзеге асыратындығын атап өткен профессор, доктор Али Мертхан Дүндар Үндістанды мысал ретінде келтіріп, АҚШ Үндістан арқылы Қытайдың көшбасшылығын тоқтатқысы келетінін мәлімдеді. Үлкен қақтығыс болатынын болжау қиын екенін айтқан баяндамашы бұл бағытта АҚШ бүкіл ел «өкілдерін» қолданатынын тілге тиек етті.

Семинар соңында профессор, доктор Али Мертхан Дүндар COVID-19 індеті кезіндегі Түркия мен Орталық Азия елдерінің экономикалық жағдайы туралы мәлімет беріп, «Белдеу және жол» жобасына жан-жақты тоқталды. Профессор, доктор Али Мертхан Дүндар «Белдеу және жол» жобасының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндірді және COVID-19 індеті жалғасқан жағдайда Түркия мен Орталық Азия елдері тарапынан қабылданатын қажетті шаралар туралы айтып, өз сөзін аяқтады.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026