f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылы 5 наурызда Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында PhD докторы Жақсылық Сәбитов «Кәсіби және ұлттық тарих контексіндегі Алтын Орда мемлекеті» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылы 5 наурызда Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында PhD докторы Жақсылық Сәбитов «Кәсіби және ұлттық тарих контексіндегі Алтын Орда мемлекеті» тақырыбында семинар өткізді.

5 March 2020

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер кіріспе сөзін семинарға қатысқан құрметті қонақтармен сәлемдесумен бастады. Алтын Орда мемлекеті тек Қазақстанның тарих сахнасында ғана емес, сондай-ақ, Еуразия аймағында да көптеген жылдар бойы үстемдік құрған алып империя болғанын тілге тиек еткен доцент, доктор Вакур Сүмер бүгінгі күнге дейін Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан Алтын Орда мемлекеті бойынша екі маңызды конференция ұйымдастырылғанын атап өтіп, конференция материалдары жақын арада кітап түрінде ғылыми ортаға ұсынылатынын хабарлады.

PhD докторы Жақсылық Сәбитов семинарында Алтын Орда мемлекеті бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың саны аз екенін және Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл Артықбаев пен Айболат Көшкінбаев сынды жетекші тарихшылардың арқасында ілгерілеп келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол бұл тақырып бойынша қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың маңызды еңбектері бар екенін атап өтті.

Семинар жалғасында PhD докторы Жақсылық Сәбитов 1939 жылы жарық көрген «Алтын Орданың күйреуі» атты кітаптың тарихта үлкен із қалдырғанын айтты. Кітап жарыққа шыққан соң ғылыми ортада Алтын Орда тарихы осы кітап шыққанға дейінгі және одан кейінгі болып екі түрлі бағытта зерттелгенін атап өтті. Алтын Орда тарихы туралы 1939 жылдан бастап жарияланған ресурстар туралы библиографиялық ақпарат берген тарихшы, PhD докторы Жақсылық Сәбитов Алтын Орда мемлекетінің тарихын хронологиялық түрде айтып берді.

Семинар соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша пікірлерімен бөлісті. Семинарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері де болды. Семинар сертификат және сыйлық табыстаумен аяқталды.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026