f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 7 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Динара Талдыбаева «ТРАСЕКА көлік дәлізінің кеңеюі және қатысушы елдер үшін басымдықтары» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылдың 7 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Динара Талдыбаева «ТРАСЕКА көлік дәлізінің кеңеюі және қатысушы елдер үшін басымдықтары» тақырыбында семинар өткізді.

7 May 2020

Семинарында Динара Талдыбаева ТРАСЕКА (Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі) бағдарламасы туралы қысқаша мағлұмат беріп, бұл бағдарлама Еуропалық Одақтың бастамасымен жүзеге асырылғанын жеткізді. ТРАСЕКА бағдарламасының тарихын баяндаған Динара Талдыбаева сонымен қатар бағдарламаның географиялық негіздеріне де егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Жібек жолын қайта жандандыру мақсатында мультимодальды тасымалдау үшін қалыптастырылып, дамытылған Шығыс-Батыс дәлізі туралы келісімге 1993 жылы Брюссель қаласында өткен конференцияда 8 ел (Әзірбайжан, Армения, Өзбекстан, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан) қол қойды.

Семинар жалғасында Динара Талдыбаева жалпы ТРАСЕКА бағдарламасының мақсаттарына тоқталып, бағдарламаның ұйымдастырушылық құрылымы жайлы ақпарат берді. Динара Талдыбаева ТРАСЕКА бағдарламасы аясында 1998 жылдан бері шамамен 82 түрлі техникалық, көмек және инвестициялық бағдарлама іске асырылғанын мәлімдеп, бұл жобалардың жалпы құны 163 миллион долларға жеткенін айтты. Ал 700 миллион доллар мүше елдердің порттарын қайта құрылымдау үшін бөлінгенін тілге тиек етті.

Семинар соңында Динара Талдыбаева «ТРАСЕКА» дәлізі қатысушы мемлекеттердің, әсіресе түркі республикаларының экономикалық интеграциясының нығаюына және сауда-экономикалық қатынастарының тереңдеуіне ықпал ете алатындығын айтты. Ол сондай-ақ, бағдарлама аясында Орталық Азия елдерінің көлік инфрақұрылымын нығайтуға жұмсалған инвестициялар аймақ мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына да септігін тигізетінін айтты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026