f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 10 желтоқсанында Болу Абант Иззет Байсал университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, PhD Илхан Сагсен «Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігіндегі Шығыс Жерорта теңізінің орны» атты онлайн-семинар өткізді.

2020 жылдың 10 желтоқсанында Болу Абант Иззет Байсал университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, PhD Илхан Сагсен «Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігіндегі Шығыс Жерорта теңізінің орны» атты онлайн-семинар өткізді.

10 December 2020

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін, Болу Абант Иззет Байсал университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы PhD Илхан Сагсен Еуропалық Одақтың (ЕО) энергетикалық саясаты, Шығыс Жерорта теңізіндегі энергетикалық қауіпсіздік және оның халықаралық салдары туралы әңгімеледі. Ол ЕО-ның алдымен экономикалық одақ ретінде қалыптасқанын және жылдар ішінде саяси одақ ретінде дамуын жалғастырғанын баяндай отырып, бүгінде ЕО моделінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылған халықаралық ұйымдық құрылымға ие модель екендігін мәлімдеді.

Семинардың жалғасында ЕО-ның энергетикалық қауіпсіздігі тұрғысынан Түркияның Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы маңыздылығын көрсетуге тырысты. Зерттеуші PhD Илхан Сагсен Шығыс Жерорта теңізінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең алдымен Кипрде шешімге келу және Халықаралық құқық принциптері негізінде әрекет ету қажеттілігі туралы маңызды ақпарат бере отырып, шешім бола алатын пікірлірімен бөлісті. Шығыс Жерорта теңізін бассейн ретінде қарастыру,  барлық жағалау елдерімен бірге әрбір актердің мүдделерінің ескерілуі, аймақты ортақ ынтымақтастық шеңберінде қарастыру керектігін жеткізді. PhD Ильхан Сагсан Жерорта теңізінің шығыс бөлігі тұйық теңіз болып табылатынын және теңізге ең ұзын жағалауы бар елдің Түркия екенін атап өтті. Осыған байланысты Халықаралық теңіз құқығы конвенциясын жабық және жартылай жабық теңіздерге жағалауы бар мемлекеттердің құқықтарын пайдалана алатынын, алайда, олардың өз міндеттемелерін орындауы және бір-бірімен ынтымақтастықта болу керектігін біле отырып әрекет етуін талап ететіндігін мәлімдеді.

PhD Илхан Сагсен 2000 жылдардың басында Шығыс Жерорта теңізі бассейнінде табиғи газ ресурстары табыла бастағаннан бері аймақта билік үшін күрес басталғанын жеткізді. Осы ресурстардың ішінде 1,7 миллиард баррель мұнай және 122 триллион текше метр табиғи газдың әлеуетін тілге тиек етіп, бұл үлкен әлеует аймақтық және жаһандық актерлердің де назарын аударғанын баса айтты. Түркияның табиғи газға деген қажеттілігінің 99%-ын және мұнайға деген қажеттілігінің 89%-ын сырттан қамтамасыз ететінін білдіріп, елдің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударатынын айтты. Сондықтан Түркияның энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан аймақтағы мүдделерін қорғауға бағытталған саясат жүргізетініне тоқталды. Греция мен басқа елдерден айырмашылығы ол экспансионистік саясатты жүргізудің орнына, өзінің халықаралық құқықтан туындайтын құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдағанын атап өтті.

Жерорта теңізінің шығысында АҚШ-тың Exxon Mobil және Нобель, итальяндық Eni, Түркия мұнай корпорациясы (TPAO), Оңтүстік Кореяның KOGAS, British BG, израильдік Делек және Avner Qatar Petroleum сияқты компаниялардың жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ол осы мысалдан-ақ аймақта елдер мен энергетикалық алпауыт компаниялардың әлемдік ауқымдағы қызығушылығын көруге болатындығын атап көрсетті. Зерттеуші PhD Илхан Сагсен Шығыс Жерорта теңізінде табылған және табылуы мүмкін энергетикалық ресурстарды тасымалдауда Түркияның ең қауіпсіз жол екеніне назар аударды.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент доктор Вакур Сүмер тиімді және пайдалы семинары үшін PhD Илхан Сагсенге алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026