f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылы 10 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Балжан Ешметова «Түркі жазба ескерткіштеріндегі әскери терминдер» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылы 10 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Балжан Ешметова «Түркі жазба ескерткіштеріндегі әскери терминдер» тақырыбында семинар өткізді.

10 September 2020

Балжан Ешметова семинарында көне Түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін әскери шендер мен атаулардың шығу тарихы мен бүгінгі күнгі қолданысы туралы баяндады. Баяндамашы Орхон-Енисей жазбаларынан мысалдар келтіре отырып, әскери терминдердің қалыптасуында белгілі жүйе бар екендігін және Түркі тілдерінде бұл сөздер кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшыраса да әлі қолданыста екендігін айтты. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» идеясының негізі мемлекеттік басқарудағы әскери жүйенің тұрақты болуы Түркі халықтары үшін үлкен маңызға ие болғанын тілге тиек етті.

Семинардың жалғасында Балжан Ешметова ежелгі Түркі халықтарында әскери жүйенің мықты болғандығын нақты мысалдармен түсіндіре отырып,  мемлекеттің негізін құраушысы – әскер болғандығына ерекше тоқталды. Түркі халықтарының әлемге танылудағы басты ерекшелігі сол заманда озық әскери өнерге ие болғандығын және қару-жарақты жасаудағы шеберлігін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер бұл зерттеулер бойынша Балжан Ешметовадан көптеген нәтижелі зерттеулер күтетінін айтып, өз алғысын білдірді.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026