f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 15 қаңтарында Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыздың қатысуымен арнайы шақырылған баяндамашы Түркияның жинақ депозиттерін сақтандыру қорының (TMSF) аудиторы доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнештің «Түркияның банк секторы» атты семинары өтті.

2020 жылдың 15 қаңтарында Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыздың қатысуымен арнайы шақырылған баяндамашы Түркияның жинақ депозиттерін сақтандыру қорының (TMSF) аудиторы доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнештің «Түркияның банк секторы» атты семинары өтті.

15 January 2020

Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш семинарды өзін таныстырудан бастады. Банк саласында 23 жыл қызмет еткенін атап өтіп, атажұрты Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді. Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияның банк секторына жалпы шолу жасап, Түркияда қаржы институттарының активтері шамамен 4,6 млрд. лираны құрайтындығын айтты.

Семинар жалғасында доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияда жалпы 53 банк, оның ішінде 34 депозиттік банк, 13 даму және инвестиция банкі және 6 исламдық банк қызмет ететінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол банк секторындағы активтер көрсеткіші соңғы 10 жылда айтарлықтай өсу үрдісінде болғанын баяндады. Түркияның банк секторындағы елеулі қауіп-қатерлерге тоқталып өткен доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш бұл қауіптерді азайту үшін тиісті мекемелер тарапынан қажетті жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.

Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркиядағы банктердің соңғы он жыл ішіндегі қызметі туралы әртүрлі ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, Түркиядағы банк секторы мен Еуропа одағы елдерінің банк секторларына салыстырмалы түрде талдау жасады. Сөзінің жалғасында доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияның банк секторының жағдайы жақсарғанын, бірақ алдағы кезеңде әлі көп жұмыс істеп, тұрақты өсу әлеуетін арттыру керектігін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар аталған мәселе бойынша пікір алмасты. Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз TMSF аудиторы доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнешке алғыс сертификатын табыс етті.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026