f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылы 18 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Азимжан Хитахунов «Әлемдік және еуразиялық ауыл шаруашылығының болашақ перспективалары» атты тақырыпта семинар өткізді.

2020 жылы 18 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Азимжан Хитахунов «Әлемдік және еуразиялық ауыл шаруашылығының болашақ перспективалары» атты тақырыпта семинар өткізді.

18 June 2020

Доктор Азимжан Хитахунов семинарында ауыл шаруашылығының жаһандық үрдістеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік өндіріс пен саудаға тоқталды. Баяндамашы әлемдік құндылықтар тізбегінің осы саладағы маңыздылығын түсіндіре отырып, дамушы елдердің ауылшаруашылық өндірісінде де, әлемдік саудада да рөлі артқанын мәлімдеді. Бұл әсіресе Қытай мен Үндістанға қатысты, дегенмен, дамыған елдердің әлемдік агробизнестегі көшбасшылығы сөзсіз. Хитахунов АҚШ-тың ауыл шаруашылығы саласында жетекші өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі екенін еске сала отырып, Польша және Беларусь сияқты елдерде де ауыл шаруашылығы секторын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Семинар барысында доктор Азимжан Хитахунов Еуразия аймағында ауыл шаруашылығының дамуы, оның негізгі бағыттары мен мақсаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін ауыл шаруашылығы өндірісімен қатар, өндірістің және ішкі сауданың ерекшеліктерін түсіндіріп, Ресейдегі ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары ауыл шаруашылығында үстемдік ете бастағанын тілге тиек етті. Баяндамашы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы Беларусь агроөнеркәсіптік кешеніне оң әсерін тигізетінін айта келе, таза ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты айтарлықтай өскенін айтты. Ол Беларусь елінің агроөнеркәсіптік кешендерінде жұмыс істейтін технологиялық кәсіпорындар әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететіндігін айтты.

Семинар соңында доктор Азимжан Хитахунов аграрлық саясат бойынша ұсыныстар жасады. Бұл жеке секторға инвестициялар тарту, саясат шараларын үйлестіру, аймақтық даму институттарының ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткізілуін қамтамасыз ету және ұсақ фермерлерді қолдау сияқты ұсыныстарды қамтыды. Доктор Азимжан Хитахунов ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салудың теріс әлеуметтік-экономикалық салдары бар екенін баса айтып, ауыл шаруашылығын дамыту саясатындағы экологиялық факторларға да назар аударды. Доктор Азимжан Хитахунов «осы факторлардың үйлесуі ауыл шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін» деп қорытындылады.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026