f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 23 қазанында доктор, профессор Мұстафа Солак, доктор, профессор Фырат Пурташ және бас хатшы Ахмет Шевки Зенгин Алматыға жұмыс сапары аясында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

2020 жылдың 23 қазанында доктор, профессор Мұстафа Солак, доктор, профессор Фырат Пурташ және бас хатшы Ахмет Шевки Зенгин Алматыға жұмыс сапары аясында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

23 October 2020

Афионкарахисар Денсаулық сақтау ғылымдары университеті Медицина факультеті Медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі доктор, профессор Мұстафа Солак және Хаджи Байрам Вели атындағы Анкара университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңес төрағасының кеңесшісі және «Bilig» журналының редакторы доктор, профессор Фырат Пурташ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің Бас хатшысы Ахмет Шевки Зенгин Алматыға жұмыс сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Кездесу барысында институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер институттың Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мақсаты мен міндетіне сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Доцент, доктор Вакур Сүмер институттағы атқарылған жұмыстар арасында, жалпы Еуразия аймағы, әсіресе, Орталық Азия аймағы бойынша экономика, халықаралық қатынастар, энергетика, қоршаған орта және мәдениет салаларында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқандығы жайында ақпарат берді. Ол бұл зерттеулер арқылы ғылыми әдебиетке өз үлестерін қосып жатқандарын, сондай-ақ, төрт тілде материал жариялау арқылы аймаққа қатысты ағылшын және түрік тілдеріндегі басылымдар санын көбейтуге ықпал етіп жатқандарын жеткізді.

Доктор, профессор Мұстафа Солак Институт шеңберінде өткізілетін академиялық іс-шаралардың аймақ зерттеулері мен Түркиямен қарым-қатынас тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті және өз көзқарастарымен бөлісті. Ахмет Шевки Зенгин, өз сөзінде Институт қызметін мұқият қадағалайтындығын білдіре отырып, Институттың қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдеріндегі жарияланымдары арқылы Орта Азия географиясы, әсіресе, Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары туралы ғылыми зерттеулерге ұлкен үлес қосып отырғанын атап өтті.  Доктор, профессор Фырат Пурташ өз сөзінде Институттың Орталық Азия аймағындағы өзекті тақырыптар мен маңызды мәселелер бойынша сапалы басылымдарды жариялап жүргендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, «Bilig” журналының академиялық басылым тәжірибесінен мысалдарын келтіре отырып, академиялық журналды басқару жөніндегі өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткізілген академиялық зерттеулердің маңыздылығы мен Алматыда мұндай институттың өз қызметін жалғастыра беруі қажеттігі айтылды. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер өз тарапынан академиялық басылымдар жиынтығын сыйлық ретінде табыстады.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026