f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 24 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Насиба Джунаева «Түркі қоғамындағы әйелдердің рөлі және Шефика Гаспыралы» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Насиба Джунаева «Түркі қоғамындағы әйелдердің рөлі және Шефика Гаспыралы» тақырыбында семинар өткізді.

24 September 2020

Насиба Джунаева семинарында жалпы түркі қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік және білім беру саласындағы рөліне қатысты өзгерістер түркі әлеміндегі реформалармен тұспа-тұс келгенін айта отырып, түркі қоғамындағы зиялы әйелдердің ең жарқын мысалдарының бірі Шефика Гаспыралының өмірі туралы ақпарат берді. Насиба Джунаева түркі әлеміндегі әйелдер мәселесін қарастырғанда бірінші кезекте ХХ ғасырдың басында Ресейдегі түркі халықтары арасындағы ағартушылық қозғалысының бастаушысы Исмаил Гаспыралының қызметі мен еңбектерінің маңыздылығына баса көңіл бөлу керектігін және осы тұрғыда Гаспыралы тарапынан жарыққа шыққан «Тержүман» газеті (1883) және Гаспыралының қызы Шефика Гаспыралы басқарған «Әлем-и Нисван» (Әйелдер әлемі) (1906) журналы үлкен рөлге ие болғанын айтты. Шын мәнінде, әйелдерді «адамзат әлемінің жартысы» деп анықтаған Исмаил Гаспыралының қызы түркі әлеміндегі гендерлік теңдік бойынша маңызды жұмыстар атқарғанын тілге тиек етті.

Семинардың жалғасында Насиба Джунаева Шефика Гаспыралының өмірі мен қайраткерлігі туралы кең мағлұмат беріп, оның мәдени және саяси қызметінің түркі әлеміндегі әйелдер қозғалысының туындауы мен дамуында маңызы зор болғанын атап өтті. Насиба Джунаева Шефика Гаспыралының редакторлығымен жарық көрген «Әлем-и Нисван» журналы түркі және ислам әлеміндегі алғашқы әйелдер журналы ретінде түркі әлеміндегі әйелдердің рухани дамуы мен білім алуына бағытталғанына баса назар аудара отырып, аталмыш журналда Ресейден Америкаға дейінгі үлкен аумақтағы әйелдердің өмірі қарастырылғанын айтты.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Насиба Джунаеваға өткізген семинары үшін алғысын білдіріп, болашақта нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026