f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2021 жылы 25 ақпанда Қазақстан-ЮНИСЕФ WASH бағдарламасының кеңесшісі, Лунд университетінің ғылыми қызметкері, PhD Кәмшат Түсіпова «Су ресурстарындағы институционалдық әлеуетті арттыру: Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтау және санитарлық тазарту мысалы» атты онлайн-семинар өткізді.

2021 жылы 25 ақпанда Қазақстан-ЮНИСЕФ WASH бағдарламасының кеңесшісі, Лунд университетінің ғылыми қызметкері, PhD Кәмшат Түсіпова «Су ресурстарындағы институционалдық әлеуетті арттыру: Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтау және санитарлық тазарту мысалы» атты онлайн-семинар өткізді.

25 February 2021

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Кәмшат Түсіпова институтқа сөз сөйлеу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Өзінің семинарында Түсіпова Қазақстанның ауылдарындағы сумен жабдықтау және су бұру және институционалдық әлеуетті арттыру үдерістері туралы ақпарат берді. PhD  Түсіпованың айтуынша, сумен қамтамасыз ету тұрғысынан Мыңжылдықтың аму ақсаттары мен Тұрақты даму Мақсаттары арасында Қазақстан өзінің алға қойған мақсаттары тұрғысынан өтпелі ел болып табылатынын айта отырып, Тұрақты даму мақсаттары халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ағынды суларды жоғары стандарттарда тазартуға өте жоғары талаптар қойғанын баяндады.

Семинарды жалғасында Түсіпова өзінің соңғы зерттеулерін Павлодар облысының ауылдық жерлерінде жасағанын айтты. Қазақстанда жүргізілген зерттеу барысында алынған мәліметтер бойынша, жан басына шаққанда жаңартылатын сумен жабдықтау жылына 6000 текше метр шамасында екенін баяндады. Сонымен бірге маусымдық ауытқулардың күшті болуына байланысты белгілі бір маусымда белгілі бір аймақтарда су тапшылығы болатындығын атап өтті. Ол зерттеу барысында жүргізілген сауалнамалар 2001-2010 жылдар аралығында ауыл тұрғындарының экономикалық әл-ауқаты едәуір жақсарғанын көрсеткенін баса айтты. Екінші жағынан, сауалнамалардың дәл сол ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және судың сапасы нашарлап жатқанын көрсеткенін баяндады.

Зерртеушінің айтуынша, ол зерттеу тәжірибесінде мұндай қайшылық өте сирек кездесетінін және бұл жағдайдың тақырыпты терең зерттеуді қажет екенін айтты. Зерттеу барысында, зерттеу авторларының негізінен дұрыс емес және ескі деректерді жинау әдіснамасы бойынша дерек жинауы мен объективті шындыққа байланысты пайда болған статистикалық мәліметтер арасындағы үлкен айырмашолылықтар болғанын. Мысалы, зерттелетін аймақтағы халықтың тек 13%-ы ғана орталық сумен жабдықтауға қол жеткізетіндігін және статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы орталық су көзіне қол жеткізу деңгейі 48%-ды құрайтындығын баса айтты. Оның пайымдауынша, 21000-нан астам үй шаруашылығына жүргізілген зерттеу көрсеткендей, халықтың шамамен 39%-ы орталық канализация жүйесіне қол жеткізе алмауда және су құдықтардан пайдаланылуда.

Семинарының соңында ол мәліметтер арасындағы осы сәйкессіздіктердің маңыздылығын атап өтіп, су ресурстарына қол жеткізе алмайтындардың 65%-ы осындай қызметке ие болғысы келетіндігін және олар бұл қызметке ақы төлей алатынын білдірді. Ол Қазақстандағы проблема негізінен заңдарды қабылдаудан гөрі жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы проблемалар мен сарапшылардың жетіспеушілігі сияқты институционалды ресурстардың жетіспеушілігінен туындайтынын баса айтты. Ол Қазақстанның таяу жылдары «Тұрақты даму мақсаттарын» іскер асыру жөніндегі уәдесін орындау үшін көп күш жұмылдыратынын айтып өз сөзін аяқтады.

Семинар қатысушылардың тақырып бойынша әр түрлі ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.
29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026