f𝕏▶in◎
ERI Logo
Home›News›2020 жылдың 27 ақпанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Насиба Джунаева «Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі» тақырыбында семинар өткізді.

2020 жылдың 27 ақпанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Насиба Джунаева «Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі» тақырыбында семинар өткізді.

27 February 2020

PhD докторы Насиба Джунаева семинарында қазіргі таңда әйел мәселесі туралы ғылыми зерттеулер күн тәртібінде тұрғандығына назар аудара отырып, XIX ғасырдың басындағы әйел тақырыбындағы әдеби шығармалар туралы баяндады. Ол қазақ әйелдерінің өмірде кездескен мәселелерінің себептерін түсіндіріп, қазақ зиялыларының пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, аталған мәселелерді жою бойынша Қазақстанда атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

Семинар жалғасында PhD докторы Насиба Джунаева қазақ әдеби туындыларынан мысалдарын келтіріп, диссертация жазу барысында зерттеген романдар мен әңгімелерге тоқталып өтті. Ол осы романдардағы әйелдердің рөлі мен жазушылардың көзқарасын түсіндірді. Насиба Джунаева өз жұмысында қазақ әдебиетіндегі төрт прозалық шығарма – екі роман («Бақытсыз Жамал», 1910; «Ұлпан», 1974;) және екі әңгіме («Шұғаның белгісі», 1914; «Қорғансыздың күні», 1921) мәтіндеріне талдау жасағандығы туралы мәлімет берді. Баяндамашы бүгінгі таңда әйелдердің әлеуметтік өмірі қарастырылған шығармалардағы әйелдердің жағдайымен бірдей емес екенін айта келе, бұл тақырыптағы зерттеулерді халықаралық конвенцияларға сәйкес жүргізу керектігін тілге тиек етті.

Семинар соңында қатысушылар өзара сұрақтармен алмасты. Бүгінгі күнгі әйелдер мәселесі бойынша пікір алмасқан қатысушылар посткеңестік және қазіргі қазақ әйелдерінің жағдайын салыстырды. Семинар сертификат табыстаумен аяқталды.

← Back to News
Recent News
Hoca Ahmet Yesevi Üniversitesi Mütevelli Heyet Başkanı Prof. Dr. Hüseyin Karaman, Avrasya Araştırma Enstitüsü’nü ziyaret etti.

29 Aug 2026

TİKA tarafından düzenlenen "Kalkınma Elçileri" programına katılan Kazakistan Koordinatörü Fuat Erdoğmuş başkanlığındaki heyet Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Avrasya Araştırma Enstitüsünü ziyaret etti.

21 Aug 2026